Адам тірі кезінде жақсы көретін нәрселерінен айырылып қалғанды бір мезет елестетіп көріңізші.
Расында, бұдан адам қатты қиналады және жан шыдатпас рухани күйзеліске ұшырайды. Міне, адам қайтыс болған кезде де көретін жағдайы бұдан мәз емес. Себебі ой жоқ болып кетпейді және өлмейді де. Ол бар болуын жалғастыра береді. Адам қайтыс болған кезде сезінетін қайғысы мен қасіретін мына дүниедегі қайғымен ешқалай салыстыруға болмайды. Өйткені тірі адам бұл қайғысынан өзін жұбату үшін басқа нәрсе таба алады. Әрқалай нәрселермен, сөздермен адам өзіне үміт беріп, жұбатып, көңілін аулауы мүмкін. Бір кездері жоғалтатын басқа бір затпен өзін жұбата алуы да мүмкін. Ал ол қайтыс болғаннан кейін ешқандай үміт те, жұбаныш та болмайды. Себебі ажал барлық жолға бөгет жасап қояды. Үмітсіздік пайда болады.
Егер адамнан оның киімін я болмаса беторамалын біреу алып қойса, ол одан жаман болып қалады, бірақ айтарлықтай қатты қиналмайды. Яғни адамның мына өмірдегі жүгі жеңіл болса, ол құтылады. Мақалдың мағынасы мынадай: "Жүгі жеңіл адамдар құтылады!" Егер адамның жүгі ауыр болса, соған орай көретін қиналысы мен қайғысы да ауыр болады.
Басқа бір мысал келтіріп көрейік: алтын тиынын ұрлатып алған адам мен он тиынын ұрлатып алған адамның қайғысы бірдей емес. Дәл солай, бір тиынын жоғалтып алған адамның қайғысы бір теңгесін жоғалтып алған адамның қайғысынан жеңіл болады.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл ақиқатты бір хадисінде былайша айшықтаған: "Бір дирхамы бар адамның есебі екі дирхамы бар адамның жауапкершілігінен жеңіл болады".
Ойлап көріңіз: егер өлім келген кезде сенің артыңнан бір нәрсе қалса, сен қайтыс болғаннан кейін ол саған қайғы мен өкініш ретінде оралады. Қаласаң, өзіңде бар нәрсені көбейт, қаласаң, азайт. Егер оны көбейтейін десең, расында сен ештеңені көбейте алмайсың. Сенің көбейткенің тек өкініш пен қайғы, бармақ тістеумен ғана өзіңе қайтып келеді. Ал егер сен оны азайтатын болсаң, онда сен тек мойныңдағы жүгіңді жеңілдетесің. Сол себепті мына алдамшы өмірмен ғана ғұмыр кешкен бақуатты жандардың қабірлерінде жылан мен шаянның саны артады. Сіздердің назарларыңызға ұсынылған бұл мысалдар иман мен сенімге байланысты. Бұл баршамыздың білуіміз керек және сенуіміз қажет нәрселер.
материал «Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары» кітабынан алынды,
ummet.kz