15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Намазда алғашқы тәкбірден кейін оқылатын дұғалар

Намазда алғашқы тәкбірден кейін оқылатын дұғалар

Ислам тарихы

Алғашқы тәкбірден кейін төмендегі дұғалардың кез келген біреуін оқуға болады:

1. «Субханәкә Аллаһумма уә бихамдикә, уә тәбәракәсмукә, уә таъалә жәддукә, уә лә иләһә ғайрук».

Мағынасы: «Уа, кемшілік атаулыдан пәк Аллаһ! Барлық мадақ Саған тән! Сенің есімің берекелі, беделің жоғары әрі Сенен басқа ешбір құдай жоқ!»

2. «Аллаһумма баъид бәйни уә бәйнә хатайәйә кәмә баъадтә бәйнәл-машриқи уәл-мағриб(и). Аллаһумма наққини мин хатайәйә кәмә юнаққас-сәубул-абйаду минәд-дәнәс(и). Аллаһуммағ-сил хатайәя бил-мә-и уәс-сәлжи уәл-бәрад».

Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Шығыс пен батыстың арасын алыстатқаныңдай мені күнәларымнан алыстата гөр! Уа, Аллаһ! Ақ киімді кірден тазартқаныңдай мені күнәларымнан тазарта гөр! Уа, Аллаһ! Күнәларымды сумен, қармен және бұршақпен жуа гөр!»
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл дұғаны парыз намаздарында, алғашқы тәкбірден кейін оқыған.

3. «Аллаһумма әнтәл-мәлику, лә иләһә иллә әнтә, әнтә рабби уә әнә ъабдукә, заламту нәфси уаътарафту бизәнби, фағфир ли зунуби жамиъан, иннәһу лә яғфируз-зунубә иллә әнтә. Аллаһумма иһдини ли ахсанил-ахлақи, лә яһди ли ахсаниһа иллә әнтә, уәсриф ъанни сәййиәһә, фәиннәһу лә ясрифу сәййиәһә иллә әнтә».

Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Сен – Патшасың! Сенен басқа ешбір құдай жоқ! Сен – менің Раббымсың! Ал мен – Сенің құлыңмын! Мен өзіме зұлымдық жасадым және өз күнәларымды мойындадым. Менің барлық күнәларымды кешіре гөр, өйткені Сенен басқа ешкім күнәларды кешірмейді!
Уа, Аллаһ! Мені ең жақсы мінез-құлыққа жетелей гөр, олардың ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды және менен жаман (мінез-құлықты) кетіре гөр, олардың жаманын Сенен басқа ешкім кетіре алмайды!»

Бұл дұға парыз және нәпіл намаздардың алғашқы тәкбірінен кейін оқылады.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: