28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұмытылған сүннет: Кейде жалаң аяқ жүру

Ұмытылған сүннет: Кейде жалаң аяқ жүру

Ислам тарихы

Абдулла ибн Бурайда былай деп жеткізеді:

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан бірі Фазала ибн Убайд Мысырда болған кезде оған барады. Оның алдына келіп, ол: «Мен саған кезекті қонақ ретінде келген жоқпын. Алайда, мен де, сен де Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисін естідік.

Сенің ол туралы білімің бар деп үміттенемін», - деді. Ол: «Ол қандай хадис?», - деп сұрады. Жанағы кісі: «Сондай да сондай», – деп жауап берді. Сосын ол: «Саған не болды, осы жердің әмірі бола тұра, сені неге шашың таралмаған күйде көріп отырмын?» - деп сұрады.

Ол: «Расында, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізді шектен тыс сән-салтанатқа берілуден тыятын», - деп жауап берді.

Ол: «Ал неге мен сені аяқ киіміңсіз көріп отырмын?», - деп сұрады. Ол: «Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге кейде аяқ киімсіз жүруді бұйыратын», - деп жауап берді.

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: