Омар (р.а.) былай деген:
«Менен кейін келетін халифаға алғашқы мұһажырлардың құқығын қорғауға, оларға құрмет көрсетуге кеңес берер едім. Мұһажырлардың һижреттен бұрын Мәдинаны ме- кендеген ансарларға жақсы қарауын, олардың жақсылықтарын асырып, жамандықтарын жасыруды өсиет етемін. Халифа басқа шаһар халықтарына да жақсы қараса екен деймін. Өйткені, олар – Исламның жәрдемшілері, қазынаның қолдаушылары. Олардан тек өз еркімен беретін, қажеттіліктерінен артылған мал ғана алынсын. Менен кейінгі халифаға бәдәуи арабтарға жақсы қарауды ұсынамын. Өйткені, олар – арабтың тамыры және Ислам шығып, өркендеген бүршік. Олардың дәулетті адамдары уақ малдарының белгілі бір бөлігін кедейлерге бөліп берсін. Халифаға Аллаһ пен расулының қамқорлығына кіргендердің құқықтарын толығымен қорғауды, оларға шамасы жетпейтін жүк жүктемеуді ұсынамын» (Ибн Әбу Шәйба, Мусаннәф 7/435 (37059) .
Касым бин Мұхаммедтің риуаяты бойынша, Омар (р.а.) былай деген: «Менен кейін бұл қызметті өз міндетіне алатын адам алыс және жақын барлық адамның көңілінен шыға білуі тиіс. Халық арасында халифалыққа лайық адамның жағдайына қызықпаймын, оны басқарғаннан гөрі басымның шабылғанын қалар едім» (әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/881 (14188)
материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,
ummet.kz