26
Жұма,
Сәуір

һижри

Миғраж – бес уақыт намаз парыз болған қасиетті түн

Миғраж – бес уақыт намаз парыз болған қасиетті түн

Ислам тарихы

Шығыс пен Батыстың мұсылмандары атап өтетін қасиетті түндер – Исра және Миғраж түндері, және бұны көптеген ғалымдар бір ауыздан Ражаб айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түн деп бекіткен болатын.

Бұл түнде мұсылмандар зікір мен ғибадатпен таң аттырады. Исра және Миғраж түндерінің айырмашылықтары Исра дегеніміз – Пайғамбарымыз (с.а.у) Меккеден Ақса мештіне бір түнде сапар шегіп, ол мешітте басқа пайғамбарларға имамдық етіп, намаз оқуы. Ал Миғраж дегеніміз – Ақсадан жеті қат аспанға көтерілуін, және Алла Тағаланың барша мұсылмандарға бес уақыт намаздың осы түнде парыз болғандығын айтамыз.

Ең алғашқы ерекшелігі:

  1. Пайғамбарымыздың (с.а.у) басқа пайғамбарларға намазда имамдық етуі – ислам дінінің ең соңғы дін, ең соңғы шариғат/ақида екендігіне дәлел.
  1. Бұл сапар мен оқиға Ақса мешітінде болғандығы, оның қасиеттілігіне ерекше мән берілетіндігінен: Байт-Мақдистың жердегі траекториясы ретінде, екі құбыла мешіті ретінде, жалпы мұсылмандардың қасиетті үш мекені ретінде құрметеуіміз қажет.
  1. Алла Тағаланың пайғамбарына деген рақымшылдығының дәлелі. Сүйікті жары Хадиша анамыз, Абдуль Мутталиб ағасының қайтыс болған кезеңі еді. Таиф қаласына дінді жаю үшін жасалған сапары да сәтсіз аяқталды. Осы Исра мен Миғраж оқиғалары Алла Елшісінің (с.а.у) жүрегіне орнаған қуаныш пен жұбату болды.
  2. Қасиетті сапардың мұсылмандар үшін сынағы да болды. Бір түннің ішінде сонау алыс жерге сапар шегу мүмкін емес деген ойлар туындады. Тек шынайы сахабалар Пайғамбарымыз (с.а.у) сөзіне иланып, бірден иман етті, әсіресе Әбу Бәкір (р.а) бұл хабарға еш күмән келтірмей, Пайғамбарды (с.а.у)  растады.

Ренат Жапбасов, 

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің наиб имамы


Бөлісу: