07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Жас баланың әурет жері неше жастан бастап есептеледі?

Жас баланың әурет жері неше жастан бастап есептеледі?

Ислам тарихы

Ханафи мәзхабы бойынша, 4 жастан бастап, 10 жасқа дейінгі ұл балалардың жабылуы тиіс әурет жерлері: алдыңғы жағы мен артқы жағы.

10 жастан былайғы балалардың әурет жерлері – кіндік пен тізе арасы.

Шәфиғи мәзхабында, жас балалардың ұятты жерлері, үлкендердікі секілді: кіндік пен тізе арасы.

Ханбали мәзхабында, жас балалардың әурет жері 7 жастан бастап есептеледі. 7 жастан 10 жасқа дейінгі ұл балалардың әурет жерлері: алды мен артқы жақтары. Осы жастағы қыз баланікі жабылуы тиіс әурет жері жақын туыстарының жанында ең азы: кіндік пен тізе арасы, ал, бөтен адамдардың жанында көкірек тұсынан бастап, тізеге дейінгі жерлер[1]. 

 

[1]Әл-Мәусуғатуль фиқһия – 27/27 бет. Кувейт. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: