27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Құран кітапты күннің қай уақыттарында оқыған абзалырақ?

Құран кітапты күннің қай уақыттарында оқыған абзалырақ?

Ислам тарихы

Ислам ғұламасы Имам ән-Нәуәуи (Алла оны рахымына бөлесін) Құран оқудың мұстахаб болған уақыттарын былай деп тізіп өтеді: 

1. Білгін, Құран оқудың ең абзал жері – намазда. Шәфиғи мәзхабында және өзгелердің пікірінше, намазда ұзақ сүре оқып қиямда ұзақ тұру  – сәждеде ұзақ жатқаннан абзалырақ.

2. Намаздан тыс уақыттарда болса, Құранды түнде оқыған абзалырақ. Соның ішінде түннің соңғы жарымында Құран оқу  – түннің алдыңғы бөлігінде оқығаннан абзалырақ.

3. Ақшам мен құптанның арасында да Құран оқыған ұнамды.

4. Күндізгі уақыттарда таң намазынан кейін оқыған артығырақ. Одан өзге уақыттарда оқи беруге болады, оның еш мәкруһтігі жоқ, тіпті намаз оқуға болмайтын уақыттардың өзінде Құран оқыла береді.

5. Ал Әбу Дәуідтің ұлының Муъан ибн Руфаъадан жеткізген риуаяттағы «мәшәихтар Құранды асыр намазынан соң оқу ұнамсыз, себебі яһудилер ол уақытта сабақтарын оқытады» деген сөз қабыл етілмейді, оның негізі жоқ.

6. Ал аптаның қай күндерінде оқыған абзал дегенге келсек, жұма күні, дүйсенбі күні, бейсенбі күні және арапа күндері оқыған абзал.

7. Ал он күндіктердің қай күндері оқыған сауаптырақ десеңіз, Зүлхиджа айының алғашқы он күнінде және Рамазан айының соңғы он күнінде оқыған сауаптырақ.

8. Айлардан Рамазан айында Құран оқу өзге айларда оқығаннан сауабы көбірек.

 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: