21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Жұма күні қанша мәрте салауат айтқан дұрыс?

Жұма күні қанша мәрте салауат айтқан дұрыс?

Ислам тарихы

Жұма күні мүмкіндігінше ең аз 80 рет салауат айтқан абзал. Бұған қатысты хадис кітаптарында мынадай риуаят келтірілген.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Кім жұма күні маған сексен мәрте салауат айтса, Алла Тағала оның сексен жылдық күнәсін кешіреді» дейді. Сонда біреу: «Уа, Расулалла! Саған қалай салауат айталық?» - деп сұрайды. Сонда Алла елшісі былай деп айт мынадай салауат түрін үйретеді: «Аллаһумма салли аля Мұхаммәдин Абдикә уә Нәбийкә уә Расуликән-Нәбииль-Үммий» деп үйретеді де, артынан: "Осы толық айтқан жағдайда, бір саулауат айтқан боласын» дейді1.

Бұдан да көп айтамын деушілердің өз еркі біледі, қанша көп айтсақ сонша сауабы да көп болмақ. Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтудың сауабы көп. Алла елшісі (с.а.у.) бір сөзінде былай деген: «Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат айтады»2. 

1  Даруқұтни, «әл-Әфрад».
2  Имам Мүслім, «Сахих Мүслім».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: