Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің асыл сөзінің бірінде: «Шынында Алла Тағала харам еткен нәрселерде сендерге шипа жаратпады!»- деген. (Бұхари, Ибн Хаббан, Табари).
Ендеше, арақ-шарапты ішу былай тұрсын, ауызға татып алудың өзі харам. Сондықтан да, тұмауратқан кісіге арақ ішуге болады дейтін сөздер шариғат қағидаттарына сай емес. Бірақ егер, ыстықты тез түсіретіндіктен арақты денеге жақса, оған рұқсат деуге болады, әйтсе де, одан да сақтанған абзалырақ. Осы тұрғыда, қазіргі таңда спирт қосылмаған дәріні кездестіру бүгінде мүмкін бола бермейтіндігі жасырын емес, сол себепті, қазіргі дін ғалымдары құрамында спирті бар дәріні ішуге болады дейді. Құрамында спирті бар дәрі арақ емес. Оған салыстырып арақты да ішуге болады дей алмаймыз.
Ал енді арақ ішкен адамның қырық күн бойы намазы қабыл болмайды деген мәліметтің бары рас, ол намаздың сауабы болмайды дегенді білдіреді, әрідесе, бұл арақ-шарап ішудің қаншалықты жиіренішті дүние, әрі, қаншалықты харам екендігін ұқтырады! Дейтұрғанмен арақ ішкені себепті мұсылман адам намаз оқу міндетінен және ораза ұстау міндетінен босатылмайды!
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz