Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
"Анығында жәннаттықтар жәннатқа кірген кезде бұл дүниеде сауапты істердің басында бірге болған достарын таппай: "Иә Алла бізбен бірге Өзіңе құлшылық еткен әрі ораза ұстаған бауырларымыз мұнда көрінбейді" деп тіл қатады. Сол кезде Алла Тағала: "Тозаққа барыңдар да ондағы жүрегінде шаңның тозаңындай болса да иманы бар достарыңды алып шығыңдар" дейді" - деген.
Осы xадиске байланысты Хасан әл-Басри (р.а): "Иман келтірген достарыңыз көп болсын, анығында олар қиямет күні сендердің шапағатшыларың" деген екен.
Ал ғұлама Ибн аль-Джаузи (р.а) осы xадисті шәкірттеріне оқып отырып: "Егер мені жәннаттан таппасаңдар: "Иә Алла Сенің пәленше деген құлың бізге Өзің туралы еске салатын" деп сұраңдаршы" дейді де жылап жібереді.
материал «Ойлаймын да» кітабынан алынды,
ummet.kz