10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Пайғамбарлар өмірі кез-келген сыналған мұсылманға үлгі

Пайғамбарлар өмірі кез-келген сыналған мұсылманға үлгі

Ислам тарихы

Пайғамбарлар өмірі кез-келген сыналған мұсылманға үлгі. Себебі пайғамбарлар көрген қиындыққа қарапайым адамның көргені тең келмейді.

Баласы тілазар, санасыз ата-анаға баласы өзімен бірге құтылғандардың кемесіне мінбеген Нұх пайғамбардың өмірі жұбаныш.

Діннен алыс, пасықтыққа құмар әкесі бар балаға әкесі мүшрік болған Ибраһим пайғамбардың сабыры жұбаныш.

Мінезі нашар, сөзіне құлақ аспайтын жұбайы бар ер адамға пайғамбар бола тұра әйелдері кәпір болған Нұх пен Лұт пайғамбардың өмірі жұбаныш.

Күйеуі діннен жырақ, адамгершіліктен алыс әйелге зұлымдықтың шегіне жеткен перғауынның әйелі болған Әсия анамыздың өмірі жұбаныш.

Жақыны теріс айналған адамға бауырлары өзіне қарсы шыққан Пайғамбарымыздың өмірі жұбаныш.

Дерті жанына батып қиналған адамға өлімге жетіп тұрып аяғына тік тұрған Аюб пайғамбардың өмірі өнеге.

Жалаға қалып, әділетсіздікке ұшыраған адамға Юсуф пайғамбардың сынағы сабақ.

Пайғамбарлардың өмір жолы медреселерде оқытылатын пән ғана емес, әрбір мұсылман оқып өмірінің мәнін табатын өнеге жолы.

материал Аслан Орақбаевтың «Кеме» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: