Ілім талап ету жолында қанша жыл, ай жүруіңіз маңызды емес... Маңыздысы қаншалықты уақытыңызды тиімді пайдаланып, сол жолда тұрақты бола алуыңыз. Осы мақсатта сізге бұл чек-лист ілім жолында, өзін-өзі дамыту жолында жүрген қыз-келіншектерге арнайы Топ 10 оқылуы керек кітаптарды тізіп жазып шықтық.
1.Тайм-менеджмент
Кітапта адам баласының теңдессіз қазынасы – уақыт жайлы сөз қозғалады. Уақыттың қол үзіп қалған жағдайда орны толтырылмайтын бірден-бір нығмет екені түсіндіріліп, осы уақытты орнымен пайдаланудың қыр-сыры көрсетіледі.
2.Атом әдеттер
Тамшының тасты да тесетіні сияқты, тұрақты әрекет үлкен нәтижелерге әкеледі. Атом әдеттер – кішкентай өзгерістердің көлеңкесіндегі алпауыт күш! Өзгеремін деп қанша тырыссаңыз да, қолыңыздан келмеді ме? Өзіңізді кінәламаңыз. Джеймс Клир әдеттер, мотивация және ерік-жігер туралы мифтерді бұзады.
3.Уақыттың қадірі
Ғалым Абдулфаттах Әбу Ғудданың еңбегінің кішігірім аудармасы. Ілім жолына енді бастаған, тіптен оқып жүрген шәкірттер үшін де қайта оқуға кеңес ететін еңбектердің бірі. Ұстаз уақыт құндылығын Құран және Хадис аясында тармақтап, ғұламалардың өмір баянымен әсемдейді.
4.Таң нығметі
Таңғы уақыт – береке мен жетістік жасырылған тәуліктің ерекше сәті. Бұл кітап өміріміздің күнделікті бөлшегі болған сондай тылсымға толы уақыттың құпиясына өмірлік тәжірибелер арқылы үңілуге үндейді. «Таңғы нәсіп Тәңірден» деген халық даналығын ғылыми зерттеулермен ұштастыра келе, табысты әрі салауатты өмір салтын әдет-ғұрып пен шариғи тұрғыдан, медицинаның сан саласы арқылы түсінікті тілмен түсіндіреді.
5.Әйел және Ілім
Ілімнің абзалдығы күллі адамзатқа мәлім. Ендеше, қолыңыздағы бұл еңбекте балаға тәлім-тәрбиені ең алдымен дарытатын тұлға – нәзік жандыларымыз екендігі, сондықтан олардың діни ілімнен үлесі болу керектігі жайлы ғалымдардың насихат сөздерімен, аналардың ғибратты оқиғаларымен және ғалым әйелдердің өмірбаянымен баяндалады.
6.Не үшін ОҚУ?
Адамның іштей рухани азықтанып, дамуына бірден-бір үлес қосатын нәрсе – кітап. Кітап оқу арқылы мидың жұмысы үдеп, ойлау қабілеті дамиды. Кітап оқу – адамзаттың білімі мен танымының жемісі.
7.Тәлімгер тағылымы
Еңбекте ілімнің пайдасы, ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынас, білім алудың ерекшеліктері жайлы, сондай-ақ ілім үйренуге талапты шәкірттерге керекті өте құнды ақылкеңестер жинақталған.
8.Лайфхактар
Бұл кітапқа Қайрат Жолдыбайұлы, Өркен Кенжебек және т.б. 4998 адам жақсы пікірін білдірді. Біреулер сөмкесінен түсірмейді екен. Біреулер күн сайын қайтадан ашып, бір тақырыпты оқуды әдетке айналдырған. Неге дейсіз бе? Себебі бұл кітаптың ішінде берілген лайфхактар, кеңестер өмірді жеңілдетеді. Ақша табу, шешім қабылдау, жауапкершілік, кітап оқу, мотивация, жұмысқа тұру, мамандық таңдау, қаржылық сауаттылық – өте көп қажетті тақырып және оның шешімі қамтылған.
9.Супер студент
Суперстудент — это не тот, кто зубрит учебники, а тот, кто получает высокие баллы при минимальных затратах и сохраняет полученные знания на всю жизнь. Эта книга рассказывает о том, как быстро усваивать знания, грамотно распределять свое время и получать удовольствие от учебы. Автор на своем примере показывает, какие преимущества дают высокие оценки для личностного и дальнейшего профессионального развития..
10.Студенттік өмірге дайынсың ба?
ЖОО-да білім алып жүрген авторлар өмірде жетістікке жетудің, яғни дұрыс тамақтану мен жайлы ұйықтаудан бастап өз мамандығы бойынша білікті де білімді тұлға болуға дейінгі ғибратқа толы өмірлік тәжірибелерін қарапайым тілмен оқырмандарына жеткізе білген.
материал «Тұрақтылық - гүлдеу» кітабынан алынды,
ummet.kz