Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақ түсті киімді ұнатқан.
Әйелдер киіміне келетін болсақ, кейбіреулер әйелдер үшін қара түсті киім абзал деп санайды. Алайда бұл шындыққа жанаспаса да, бірақ ондай киім кию жаман емес. Бұл мәселе – сол аймақтың әдет-ғұрпына байланысты.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) киінгенде оң жақтан бастайтын. Егер адам жейде, шапан немесе басқа да жеңдері бар киім кисе, онда оның оң жағынан бастағаны абзал.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) киімін шешкенде сол жақтан бастайтын. Ерлер киімінің етегі тобықтан жоғары болуы керек. Ал әйелдер, керісінше, киімінің етегін тобықтан төмен түсіруі керек.
Қазіргі кезде бұл мәселе төңірегінде бүлік шығару кең тараған. Бірақ, дәстүрлі ханафи мәзһабының және шәфиғи мәзһабының фиқһ кітаптары егер киімнің етегі тәкаппарлықсыз және көзбояушылықсыз тобықтан төмен түссе, бұл – мәкрүһ болатынын, ал егер тәкаппарлықпен және көзбояушылықпен болса, онда ол – харам екенін бірауыздан айтады. Мұндай хадистерді дұрыс түсіну үшін тек өз түсінігіне емес, фиқһ кітаптарына жүгіну керек.
Намазды бас киіммен оқу – сүннет.
Аяқ киімді кигенде оң аяқтан бастаған жөн.
Аяқ киімді шешкенде сол аяқтан бастаған жөн.
материал «Күнделікті 100 сүннет» кітабынан алынды,
ummet.kz