22
Жұма,
Қараша

һижри

Сабыр қай жерден басталып, қай жерден бітеді?

Сабыр қай жерден басталып, қай жерден бітеді?

Ислам тарихы

Сахабалардың бірі айтады: «Біз қиындықтарға шыдай алмаған иманды иман деп санамайтынбыз».

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: Сабырдың үш түрі бар. Ғибадатқа сабыр ету сауапты үш жүз дәрежеге көтереді. Харамға сабыр ету алты жүз дәрежеге, қиындықтарға сабыр ету тоғыз жүз дәрежеге арттырады.

Ізгілердің бірі бір қағазға мына аятты жазды: «(Уа, Расулым!) Раббыңның үкімі жүзеге асқанша сабыр ет. Шүбәсіз, сен Біздің назарымызда һәм қорғауымыздасың». Қай кезде қиындық келсе, осы қағазды шығарып оқитын. Расулалла (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) айтқан: «Алланы ұлы санаудың бір жолы – ауруын айтып шағымданбау және басына келген бәлелерді айтпау».

Келген қиындыққа жылау және жүрегімен қынжылу арқылы сабырдың ізгілігі жойылмайды. Айқайлаумен, бақырумен, киімін жыртумен, шағымданумен жойылады. Көркем сабыр – қиындық шегушіні басқалардан ерекшелендірмейтін сабыр. Яғни, қиындық шегуші басқалардың арасында білінбейді. Олай болса киімін жырту, бетін ұру және айқайлау харам болады. Бәлкім, халін өзгерту, басқаша сәлде және киім кию секілді нәрселер дұрыс емес шығар. Қайтыс болған адамды сенсіз жаратылған және сенсіз кететін бір құл деп білу керек.

Риуаят бойынша, Сүләймнің анасы Румейса былай дейді: Балам ауырған еді. Әкесі Әбу Талха кетіп қалған болатын. Ұлым өлді. Үстін жаптым. Қайтып келген кезінде «Науқас қалай?» деді. «Бүгінгі түнді жақсы өткізді» дедім. Сосын тамақ әкелдім, жеді. Басқа түндердегіден де қатты сәндендім, мендегі қалауына жетсін деп. Сосын «Пәлен көршіге қарызға бір нәрсе беріп едім, сұрағанымда қатты жылады» дедім. «Таң қаласың, қандай ақылсыз адамдар бұлар» деді.  Сосын «Сенің ұлың саған Алланың сыйы еді. Біздің қасымызда қарызға жүрген болатын. Бүгін Алла Тағала оны кері қайтарып алды» дедім. «Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиғун» деді де, ертеңіне бұл туралы Расулаллаға (с.а.с.) айтты. «Кешегі түніңіз мүбәрак болсын, сендер үшін үлкен түн еді» деді де, «Жұмаққа кірдім. Әбу Талханың әйелі Румейсаны сол жерден көрдім» деді.

материал Имам Ғазалидің «Бақыт формуласы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: