11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Біз адамдармен емес, Жомарт Алламен есеп айырысамыз

Біз адамдармен емес, Жомарт Алламен есеп айырысамыз

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алланың мейірімінің кеңдігін айтып отырып былай деді:

– Бір жеңіл жүрісті әйел шыжыған ыстықта шөлдеп құдықты айналып тілін салақтатып жүрген итті көріп қалады. Етігін шешіп, су құйып итке берді. Алла оны кешірді. Бұл жерде әйелдің күнәсінің кешірілуіне себеп болып тұрған нәрсе – итке су беру емес, сол сәттегі әйелдің жүрегіндегі мейірім, жанашырлық. Мейірім етіңдер, мейірім көресіңдер! Жақсылықты кішісінбеңдер!

Итке су бергені үшін Алла жеңіл жүрісті әйелді жәннатқа кіргізді. Ал енді уайым-қайғыдан кеуіп қалған жүректі жібіткен мұсылман үшін қандай сый бар?! Біреудің көз жасын сүрткенің үшін қандай сый? Жығылғанға демеу болғаның үшін қандай сый? Елестете бер...

Біз адамдармен емес Жомарт Алламен есеп айырысамыз. Іс-әрекеттер бағасына қарап емес құндылығына, маңызына қарап өлшенеді.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: