11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Аз амалды ниет көбейтеді, көп амалды ниет азайтады

Аз амалды ниет көбейтеді, көп амалды ниет азайтады

Ислам тарихы

Есте жоқ ескі заманда ашаршылық жайлаған бір ел болыпты. Ішерге тамақ таппай, халық қатты күйзелген екен.

Сол елдің бір адамы қаланың сыртында үлкен құм төбелердің қасынан өтіп бара жатып: «Шіркін-ай, мына құм белдер бидайға айналса ғой, бәрін мына аштықтан бұратылған елге таратып берер едім» деп армандапты.

Сол өңірдің пайғамбарына аян түсіп, Алла Тағала: «Әлгі пендемнің ниетін қабыл алдым. Сол құм төбелер бидай боп, соны түгел таратып бергендей сауап жаздым» деген екен.

Ниеттің күші орасан. Әр адамға ниет етілгені берілді. Ол тура пышақ секілді: ізгі іске салсаң, сауабын аласың; жаман іске бағыттасаң, зиянын шегесің. Дұрыс ниет, жақсы ниет адамға күш сыйлайды.

Адам ниет еткенде бүкіл ғалам, көзге көрінбейтін әлемнің заңдарын қадағалап тұрған періштелер күллі энергияны сол ниетті орындауға жұмсайтындай. Ибраһимге жағылған өртті сөндіру үшін қанатымен су тасыған қарлығаштай, қажылыққа шыққан құмырсқадай, әркімнің ниеті аз амалын көбейтеді. Дәл сол секілді атамның атын шығарайын деп, мектеп салсаң, құдай үшін титтей де бір ықылас болмаса, онда одан тұтам да сауап алмайсың.

Бұрынғының ізгілері күн сайын ниетін жаңартудан шаршаған екен. Демек, онда үлкен мән бар. Біз де әр ісімізді жасарда ниетімізді тазалап, туралап отырайық.

материал Имам Ғазалидің «Ихия-улумиддин» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: