11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сахабалар істемеген құлшылықты сен де істеме!

Сахабалар істемеген құлшылықты сен де істеме!

Ислам тарихы

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді, жетпіс екі топ Тозақта, ал біреуі Жәнатта», - деді. Сахабалар одан: «Олар кімдер?», - деп сұрады. Сонда ол: «Бұл менің және менің сахабаларымның жолын ұстанғандар», - деп жауап қатты. (Ахмад 4/102, Әбу Дәуд 2/503, әт-Тирмизи 3/367, Ибн Мәжаһ 2/479).

Хузайфа (Алла оған разы болсын) былай деген: “Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары істемеген кез келген құлшылықты сен де істеме!” Әбу Шәма «әл-Бә’ис» 21, әш-Шәтыби «әл-И’тисам» 2/132.

Табиғиндердің имамы әш-Шә’би туралы Мәкхул былай деген: «Мен әш-Шә’биден асқан білімді адамды көрмедім». (Қараңыз: “әт-Тахзиб” 3092).

Сол әш-Шә’бидің өзі былай деген: «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан жеткен нәрсені қабылда! Ал өз ой-пікіріне сүйеніп айтылған сөздерге кіші дәретіңді сындыра сал!» (‘Абдур-Раззақ 11/256).

Са’ид ибн Жубайр былай деген: «Бәдір шайқасына қатысқан сахабаларға белгілі болмаған нәрсе – діннен емес» (Қараңыз: “Жәми’ул-бәянил-‘илм” 1425).

Имам әл-Әуза’и былай деген: «Білім дегеніміз – Мухаммадтың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларынан жеткен нәрсе, ал бірде-бір сахабадан жетпеген нәрсе – білім емес» (Қараңыз: “Жәми’ул-бәянил-‘илм” 1420).

Хафиз Ибн Кәсир былай деп айтқан: «Әһлю-Сунна уәл-жәмә’а сахабалар істемеген кез келген істер мен сөздерді бидғат деп атайды, өйткені ол нәрселерде игілік болғанда, олар осыда бізді міндетті түрде озып кетер еді!» (Қараңыз: “Тәфсир Ибн Кәсир” 4/278).

материал «Діндегі бидғат (әл-бид’а) және оның түрлері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: