Бірде бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп былай сұрады:
– Бір әйел кісінің құлшылығының бәрі – бүтін. Намазы да, оразасы да, садақасы да – түгел. Бірақ сөз тасып көршілеріне тілімен зарарын тигізеді!
– Ол тозаққа барады - деді Пайғамбарымыз (с.ғ.с). Әлгі кісі:
– Енді келесі бір әйел кісінің құлшылығы – бүтін емес. Намазы – қаза, оразасы да, садақасы да – бүтін емес! - деді.
– Ол жәннатқа барады! - деп жауап берді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).
Қалтаңда үнемі Құранды көтеріп жүрудің қажеті жоқ. Жүрегіңде Құран болса болғаны. Адам етін жеп, сөз тасып, ғайбатқа батып жүрсең, мисуәк қолданғаныңнан түк пайда жоқ!
Хадис жаттап, оқып жүріп, онымен амал етпесең, тәпсір кітаптарын үйіңе тізіп қойып, отбасыларды бұзып жүргеніңнен не пайда? Ұжымда жақсы көрініп, жалғыз қалғанда біреуге біреуді жамандағаныңнан не пайда!
Дұрыс, Алла ғибадатты жақсы көреді. Бірақ ғайбатты жек көреді. Нағыз ақымақ адам – сауаптарын өзгелерге үлестіріп жүретін адам.
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz