05
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ашық бидғат жасаған адам қалай тәубе ету керек?

Ашық бидғат жасаған адам қалай тәубе ету керек?

Ислам тарихы

Әлсіз және ойдан шығарылған хадистерді қолдану да бидғаттардың таралуына мүмкіндік туғызатын себептерден болып табылады.

Әрі кейбір фәқиһтер құлшылықтардың артықшылықтарына (фадаил) қатысты мәселелерде әлсіз хадистерге сүйенуді рұқсат еткендері себепті, дінімізде шағбан айының ортасындағы түнде оқылатын намаз (саләтул-бара-а), мұқтаж адамның намазы (саләтул-хажә), ‘Ашура күнін тойлау, көптеген рұқсат етілмеген жолмен Аллаға жақындау (тауассул) сияқты әлсіз хадистерден алынған көптеген бидғаттар пайда болды. Сондай-ақ әлсіз хадистердің себебінен Алла Тағалаға Оған тән болмаған кейбір сипаттар мен есімдер теліне бастады. Әлсіз хадис Алланың шариғатында дәлел болып табылмайтынын білу қажет, бұл турасында алдынғы ұрпақ (мұсылмандардың ізгі алғашқы ұрпақтары) арасында ешқандай келіспеушілік болмаған. Ал кім құлшылыққа құлшындыру (тарғиб) немесе қорқыту (тархиб) мәселелерінде әлсіз хадистерге сүйену рұқсат етілген дейтін болса, сол осының (жалпы тыйымнан) тыс шығарылатынына дәлел әкелсін!

Әлсіз хадиске ешбір жағдайда сүйенуге болмайды дейтін мухаддис ғалымдардың ішінде Яхъя ибн Мә’ин, Әбу Хатим, Ибн Әбу Хатим, Әбу Зур’а, әл-Бухари, Муслим, Ибн Хиббан, Әбу Бәкр ибн әл-‘Араби, Ибн Тәймия, Ибн Ражаб, Әбу Шәма әл-Мәқдиси, әшШәтыби, имам Ибн әл-Муләққин, әш-Шәукани, Ахмад Шәкир, шейх әл-Әлбани, шейх Муқбил және т.б. секілді ұлы имамдар бар. (“Дә’иф әт-тарғиб уә-ттархиб” 11/23- 25) Бұдан қалса, мұсылман адам Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) атынан беталды сөйлей беруден абай болуы тиіс, өйткені ол: «Кім менің атымнан мен айтпаған сөзді айтса, Тозақтан орын орын алуға дайындала берсін!», - деген. (Әл-Бухари 109).

Имам ән-Нәуауи былай деп айтқан: “Хадистану ғылымының ғалымдары мен басқа салалардың ғалымдары былай дейді: “Егер хадис әлсіз болса, ол хадиске қатысты: “Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты, істеді, бұйырды, тыйым салды”, - деуге, немесе басқа кез-келген бекітіп айтылатын тіркестерді қолдануға болмайды, бірақ: “Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хабарланады, жеткізіледі, баяндалады”, - деу қажет, немесе басқа кез-келген қос мағыналы сөз тіркестерін қолдану керек.

Ғалымдар: ”Құрамында бекітіп айту бар сөз тіркестерін тек сенімді және жақсы хадистерге ғана қолдануға болады, ал құрамында анықсыздық бар сөз тіркестерін басқа кез-келген хадиске қолдануға болады. Мұның барлығының себебі – бекітіп айтуы бар сөз тіркестері өздерінен кейін келетін нәрсе Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді түрде бекітілген дегенді білдіретінінде, сондықтан оларды тек сенімді жағдаяттарда ғана қолдануға болады. Ал өзге жағдайда кісі іс жүзінде Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жала жапқан болады...»

Ғалымдардың осы пікірін кейбір шынайы хадис білгірлерінен басқа біздің кезіміздегі көптеген фәқиһтер де, тіпті түрлі саладағы ғалымдардың көпшілігі де ескермейді. Мұндай нәрсе жауапсыздық болып табылады, өйткені олар жиі жағдайда сенімді хадис жөнінде: «Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізіледі», – дейді де, ал әлсіз хадиске байланысты: «Ол айтқан», – деп, бекітіп айтады, ал мұндай нәрсе ақиқаттан алыс қой” («әл-Мәжму’» 1/60).

Әлсіз хадисті айтушы кісі сол хадистің әлсіздігін атап өтуге міндетті. Ал егер ол хадистің сенімділік дәрежесі жөнінде білмесе, онда «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан...» деместен, жоғарыда айтылғандай, жалпылама сөз тіркестерімен шектелгені дұрыс.

Шейх Ахмад Шәкир былай деп айтқан: “Жеткізіліп жатқан әлсіз хадисті ешкім сенімді деп ойлап қалмас үшін, оның әлсіз екенін ескерту міндетті болып табылады. Әрі кісі әлсіз хадиске үкім-ережелерге (қатысты мәселелерде) сүйене ме, әлде ізгі амалдардың артықшылықтарына қатысты ма – мұның ешқандай айырмашылығы жоқ. Өйткені Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді түрде жеткен сенімді (сахих) және жақсы (жақсы) хадистерден басқа еш нәрседе дәлел жоқ!” (“әл-Бә’исул-хасис” 100-101).

Әбу Қатададан (Алла оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Менен көп әрі жиі бір нәрсе жеткізуден абай болыңдар! Кімде-кім менен бір нәрсе жеткізер болса, ақиқат пен шындықтан басқа еш нәрсе айтпасын, ал кім менің атымнан мен айтпаған нәрсені айтқан болса, Оттағы өз орынын иелене берсін!» (Ахмад 297, әт-Тахауи 1/172).

материал «Бидғаттың зардаптары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: