11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла Тағала бидғатты жақтаушының тәубесін қабыл етпейді

Алла Тағала бидғатты жақтаушының тәубесін қабыл етпейді

Ислам тарихы

Анастан (Алла оған разы болсын) Алланың Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:

«Ақиқатында, Алла бидғатты жақтаушының тәубесін ол осы бидғатты тастамайынша қабыл етпейді». (әтТабарани 4360, Абу әш-Шейх 259, Ибн Абу ‘Асым 37).

Хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани хадистің сахихтығын растаған. Өйткені бидғат жасау күнә жасаудан анағұрлым жаман. Бидғат жасау зина жасаудан, ұрлық істеуден т.с.с. жаман. Зина жасаушы немесе ұры адам өзінің дұрыс емес істер істеп жүргенін біледі. Солай емес пе? Ұрының өзі, тіпті кәпір болса да, өзінің істеп жатқаны дұрыс емес екендігін біледі? Осыны білесіздер ме? «Дәлел қандай?», - дейсіздер ме?

Сен оның өзінен ұрласаң ол үндемей қояды ма, әлде жоқ па? Ол сенімен ұрысады ғой, солай емес пе? Демек бұлай істеуге болмайтынын оның өзі де біледі, солай емес пе? Егер кісі өлтіруші және тонаушылықпен айналысатын адамның отбасына қатысты соны істесең, осы оған ұнамайды ғой, иә?

Зина жасаушы адамның шешесімен немесе әпкесімен біреу зина жасағанын жақсы көреді ме? Әрине, жоқ! Адамдар, тіпті кәпірлер де, қандай да бір үлкен күнәларды жасап жүріп, өздерінің істеп жүргендері дұрыс еместігін біледі. Ал бидғат жасайтын бидғатшы өзінің істеп жүргенінің дұрыс емес екендігін білмегені былай тұрсын, ол тіпті сізбен осынысын дұрыс іс деп күреседі, соғысады!

Өзі дінге жаңалық енгізеді, әрі сен оған бұны тыйым салсаң сенімен соғысады! (Тіпті өзінің бидғатын Сүннет деп айтудан, ал сені Сүннетке қарсы шыққан адасушы деп айтудан тайынбайды!) Сондықтан да Алла Тағала олардың тәубесін қабыл етпейді! Олар істеп жатқан істеріне тәубе етуді ойлап та тұрған жоқ болса, Ол олардың тәубесін қалай қабыл етеді?! 

материал «Бидғаттың зардаптары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: