11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дініміз – өте жүйелі. Біз оны дұрыс ұстанбаймыз

Дініміз – өте жүйелі. Біз оны дұрыс ұстанбаймыз

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ансарлықтардың құрма бағына кіреді. Ол жерде түйе бар екен. Түйе Пайғамбарымызды (с.ғ.с) көре сала ыңырсып, көзінен моншақ жастар төгіледі.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қасына барып басынан сипағанда тынышталып қалады.

– Мынау кімнің түйесі? - деп сұрайды.

– Менікі, Алла Елшісі! - дейді ансарлық бір бала.

– Алладан жан-жануар ақысында да қорқыңдар! Ол сені ашықтырып, шаршатады деп маған шағымданды, - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с).

Қазір бізге адам құқығын үйретіп жүргендерге мың төрт жүз жыл алдын жануар құқығын үйреткенбіз. Дініміз – өте жүйелі. Бірақ біз өзіміз оны дұрыс ұстанбаймыз. Дін жұмсақтыққа шақырады. Біз – қатігезбіз. Дінде түйеге зорлық жасауға болмайды. Біз адамға қиянат жасаймыз. Бір әйел мысықты қинап тозаққа түсіп кеткен. Біз адамдарды қинап жүреміз. Бізден ауыр ешнәрсе талап етілмейді. Тек қана шынайы мұсылман бола білейік!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: