11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алла саған мал-дүние берсе, сенен оны көруді қалайды

Алла саған мал-дүние берсе, сенен оны көруді қалайды

Ислам тарихы

Бірде Мәлик ибн Надла Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына тозығы жеткен шапанмен келеді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:

– Сенің дүниең бар емес пе?

– Иә!

– Нең бар?

– Алла берген түйелерім, қойларым, үй-жайым бар.

– Егер Алла саған мал-дүние берсе, сенен оны көруді қалайды, - дейді.

Нығметті көрсету – оған шүкір етудің бір жолы. Қымбат киініп, мақтанып жүру – басқа нәрсе. Керісінше, барыңды киіп, үнемі әдемі, таза жүруің шүкіршіліктің бір түрі болып саналады. Міндетті түрде бренд киімдер алып, әлемдік дүкендерді аралау – шарт емес. Бар болғаны, Алланың саған бергенін орнымен көрсете біл!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: