11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрандағы ысырап және тебзір туралы аяттар

Құрандағы ысырап және тебзір туралы аяттар

Ислам тарихы

Құранда ысырап пен тебзірге қатысты аяттар бізге Алланың нығметтеріне құрметпен қарауды, шектен шықпауды және орта жолды ұстануды насихаттайды. Қасиетті аяттар әрбір ісіміздің мөлшермен, орнымен жасалу керектігін ескертіп, ысырап пен бекершіліктің адамға да, қоғамға да қауіпті екенін паш етеді.

Алла Тағала былай бұйырады: Жеңдер, ішіңдер және ысырап етпеңдер. Шынында, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» ("Ағраф" сүресі, 31-аят) .

Бұл аят бізді Алланың берген ризықтарын қадірлеуге, нығметтерден дұрыс пайдаланып, шектен шықпауға шақырады. Алланың нығметін қастерлеу – шүкірліктің белгісі. Құран бізге әрбір дәмнің астарында Жаратушының мейірімі жатқанын түсінуге үндейді, ал оны босқа рәсуа ету – оған деген құрметтің жоқтығын көрсетеді.

Алла "Исра" сүресінде: «Ысырап (тебзір) етпеңдер. Шынында, ысырап етушілер - шайтанның бауырлары» ("Исра" сүресі, 26-аят) деп ескертеді. Бұл аяттағы сөздер терең мәнге ие. Ысырап ету – адамның шектен шығуы, нәпсінің құлы болуы. Ал шайтанның жолына түсу – Алланың бұйрықтарын елемей, Оның разылығынан алыстау деген сөз. Сондықтан адамды ақиқаттан алыстататын осы теріс жолдан сақтану қажет.

«Ей, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің адал әрі таза болғандарынан жеңдер және шайтанның ізімен ермеңдер, өйткені ол - сендерге анық дұшпан» ("Бақара" сүресі, 168-аят). Осы аятта Алла Тағала бізді таза, адал ризықтарды таңдап, құрметтеуге шақырып, шайтан жолынан сақтандырады. Шайтан адамды арам мен харамға итермелеп, Алладан алшақтатуды көздейді. Тазалық пен адалдық иманның кемелдігіне жеткізер жол екені еске салынған.

Фурқан сүресінде Алла Тағала: «Алла ысырапшылдықты жақсы көрмейді» ("Фурқан" сүресі, 67-аят) деп бұйырады. Бұл сөздер адамға үлкен ой салады: берілген нығметті, байлық пен ризықты қадірлеу қажет. Кім ысырапқа бой алдырып, Алланың бергенінен асып түссе, ол нығметке шүкіршілік етпегенмен тең.

Жер бетінде өлшеусіз, шектен шықпай өмір сүру – адам үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Алла Тағала: «Егіннің өнімін жинаған күні оның хақысын беріңдер және ысырап етпеңдер. Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» ("әл-Анам" сүресі, 141-аят) деп бұйырады. Әрбір нығметті берекемен қолдану, өзгеге де бөліп беру – бұл аяттың мәні. Адамның жомарттық пен қайырымдылық арқылы Алланың разылығына жетуі осы аяттың тағылымында жатыр.

материал «Ысырап индикаторы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: