Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жүйрік «Ғадба» деген түйесі болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да сол түйесімен жарысып тұратын.
Егер Ғадба бірінші келсе бәрі қуанатын. Бірде бір түйелі бәдәуи келеді де жарыста бәрін артта қалдырады. Сахабалардың көңілі түсіп:
– Ғадбадан озып кетті, - деседі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с):
– Бәрін өз орнына қою – Алланың ақысы, - дейді.
Дүниеден безіп кету – діннің әмірі емес. Дін барлық жаратылыстың белгілі бір шарт шеңберінде болуын бұйырады. Қыдырамыз, ойнаймыз, күлеміз, базарға барамыз. Бәрі өз орнымен болады. Демалу, қыдыру, серуендеу – рұқсат етілген іс-әрекеттер.
Шариғатқа қайшы ештеңе болмаса, рұқсат күйінде қала береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) пайғамбар бола тұра, жарысып көңіл көтеретін. Жұмсақ бол.
Адамдарға көмектес. Жылағанның жасын сүрт, жығылғанға демеу бол. Көмектесу үшін батыр болу шарт емес. Жай ғана адам болып қал!
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz