Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларына былай дейді:
– Хурайым Әсәди шашының ұзындығы мен етегін сүйретіп жүретіндігі болмаса, неткен жақсы адам еді! - дейді.
Бұл әңгіме Хурайымға жетеді. Ол сәтте шашын құлағына дейін қиып, етегін жинап алады. Енді сен өз халіңе қара! Пайғамбарымыз сені көрсе «неткен жақсы еді» деп айта алады ма?
Қарындасым, сен де жағдайыңа қара! Сені де Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көрсе «неткен жақсы әйел еді» деп айта алады ма?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көргенде құптамайтын еді деген киімді киме! Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көрсе жақтамайтын еді деген жолмен жүрме!
«Неткен жақсы адам» деген атқа іс-әрекетіңмен, шынайы ниетіңмен жете аласың...
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz