05
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар арамызда?

Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар арамызда?

Ислам тарихы

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құзырына бірде арақ ішкен адамды алып келді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Дүрелеңдер! - деді. Сахабалар оны дүреледі. Адамдар:

– Сорлы-ай! Алла жазаңды берсін! - дескенде, Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) оларға:

– Олай демеңдер! Олай деп шайтанға көмектесіп, бауырларыңды оған жығып бермеңдер! «Алла оны кешір!», «Алла оны мейіріміңе ал!» деңдер! - деді.

Дін – жұмсақтық, мейірімділік, кешірімділік. Дін – жақсылық тілеу. Дін – жамандықтың алдын алу. Дін – адамды Аллаға жетелеу, Алла мен адамның арасын ажырату емес.

Біреуді күнә-қателігіне бола жазғыру – біздің ісіміз емес. Үлкен-кіші қателігі жоқ кім бар біздің арамызда? Ешкім! Солай екен деп адамдарға қазылық қылмаңдар! Адамдарды Аллаға, ынсапқа шақырушы болыңдар!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: