Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дүние салардан бұрын төсек тартып жатып қалғанда Әбу Бәкірге имам болып жамағатқа намаз оқуды тапсырады.
Мұсылмандар намаз оқып тұрғанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Айша анамыздың үйінен қарап тұрады. Көрген нәрсесіне сүйсініп, сахабалардың үйлескен
жағдайына қуанып, Аллаға мақтау-мадақ айтады.
Кейін денесі ауырлап қалғанына қарамай мінберге шығып былай дейді:
– Уа, адамдар! Қай қайсыңа ауыртпашылық жетсе, сол сәтте мені (менің басымдағы ауыртпашылықты) есіне алсын. Үмбетімнен ешкім менің ауыртпашылығымнан артық ауыртпашылық көрмейді.
Иә, дүниеде тек Расулулланы (с.ғ.с) ғана көре алмадық. Дүниеде көрмейтін үлкен нәрселер, назар аудармайтын кішкентай нәрселер де болып тұрады.
Бір көңілің қалаған нәрседен құр қалсаң, қасқайып тұрып: «Сенен де қайырлы нәрсе өтіп кеткен», - деп айт.
Дүние – тұрақты орын емес, тұрақтайтын орын. Бәріміз өтеміз, бірақ әртүрлі уақытта...
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz