05
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлсіз және ойдан шығарылған хадистерді қолданудың күнәсі

Әлсіз және ойдан шығарылған хадистерді қолданудың күнәсі

Ислам тарихы

Бүкіл ғалымдар тәубе етудің үш шарты бар екеніне бірауызды келіскен. Әлгі күнәсін тоқтату, істеген күнәсі үшін Алланың алдында шынайы өкіну, әлгі күнәні ешқашан жасамаймын деп бел байлау.

Алайда бидғатарды немесе басқа күнәларды ашық жасаған немесе сол күнәларды рұқсат етілген деп жариялаған, немесе бидғат жасау арқылы басқа адамдарды адасушылыққа түсірген әрбір адам тәубенің тағы бір шартын орындауы қажет: ашық түрде тәубе етуі, істеген ісі адасушылық және күнә екенін жұртқа түсіндіруі тиіс! Бұған дәлел Алла Тағаланың мына сөздері: «Расында, Біз ап-ашық үкімдерді әрі тура жолды Кітапта адамдарға баян еткеннен кейін оларды жасырғандарға Алла лағынеттейді әрі бүкіл лағынет етушілер лағынеттейді. Бірақ тәубе еткендер, істегендерін түзеткендер және шындықты баян еткендер басқа. Мен солардың тәубелерін қабыл етемін, өйткені Мен – Тәубені Қабыл Етуші, ерекше Рахымдымын» («әл-Бақара» сүресі, 159-160 аяттар).

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия былай деп айтқан: «Кім күнәні жасырын істесе, жасырын тәубе етсін және ол өз күнәсі туралы жариялап айтпауы керек. Ал егер Алланың құлы күнәні жария істесе, онда ол тәубесін де жария істеуге міндетті». (“Мәжму’ул-фәтауа” 15/302).

Шейх Ибн әл-Қайим былай деп айтқан: «Бидғатқа шақырған кісінің тәубесінің шарттарының бірі – ол сол адасушылық пен бидғатты түсіндіріп беруі және тура жолға нұсқауы қажет!» («‘Уддату-ссабирин» 93).

Хасан ибн Шақық былай деген: “Бірде біз Ибн әл-Мубаракпен бірге болған кезде, оған бір кісі келді. Ибн әл-Мубарак оған: «Сен әлгі жәһмисің бе?!», - деді. Ол: «Иә», - деді. Сонда Ибн әл-Мубарак: «Менің қасымнан кет, әрі ешқашан қайтып келме!», - деді. Әлгі кісі: «Мен тәубе еттім ғой!», - деді. Бұны естіген Ибн әл-Мубарак: «Сенің бидғатың қандай айқын болған болса, тәубең де тура солай айқын болмайынша - жоқ!», - деді” (Ибн Батта “әл-Ибана әс-суғра” 154).

материал «Бидғаттың зардаптары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: