26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алладан артық адал ешкім жоқ екенін ұмытпа

Алладан артық адал ешкім жоқ екенін ұмытпа

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде сахабаларына:

– Кімде-кім мұсылман бауырын құлдықтан құтқарса, Алла оны тозақтан құтқарады, - деді.

 

Құлдық дәуірі өткен. Бірақ жақсы амалдың сауабы қалып кеткен.

Кім біреуді жылатпай көмектессе, Алла да оны жылап қиналудан сақтайды.

Кім езілген жүректі қуантса, Алла да оның жүрегін қуантады.

Кім біреудің абыройын қорғаса, Алла да оның абыройын қорғайды.

Кім біреудің қажетін өтесе, Алла да оның қажетін өтейді.

Кім ауруға көмектессе, Алла та оны аурудан сақтайды.

Екі жастың арасын жарастырғанның өмірін Алла дұрыстайды.

Алладан артық адал ешкім жоқ екенін ұмытпа. Не істесең де есесі қайтады!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: