26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қызыл түйеден де артық амал: Сынаққа сабырлық таныту

Қызыл түйеден де артық амал: Сынаққа сабырлық таныту

Ислам тарихы

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір сүрген дәуірінде арабтар үшін қызыл түйе ең құнды мүлік болатын. Яғни, «бұл қызыл түйеден де жақсы» деген сөз – «бұл дүниедегі барлық нәрседен де жақсы» дегенді білдірген.

Рабиға ибн Әбу Абдурахман: Әбу Сәләма ибн Абдуласад (Әбу Сәләмә қайтыс болғаннан кейін) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі болған Умм Сәләмаға келеді де Умм Сәләмаға: «Бүгін мен Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен үшін қызыл түйеден де қымбат бір нәрсе естідім», – дейді. Умму Сәләмә: «Ол не?» – деп сұрайды. Ол: «Мен оның былай дегенін естідім: «Егер адам бір қиыншылыққа тап болып, Алла Тағала оған бұйырғандай: «Біз тек Аллаға тиесіліміз және Оған қайтамыз. Аллам, менің осы қиыншылығыма сауап нәсіп ет және оның орнын одан да жақсысымен алмастыр» – деп айтса, Алла Тағала оған сол сұрағанын береді», – дейді.

Умм Сәләма: «Әбу Сәләма дүниеден өткенде мен бұл сөздерді айттым. Алайда ішімнен: «Әбу Сәләмадан артық кім бар?» дедім», – дейді. Сонда Алла Тағала оған Алла Елшісін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеу ретінде нәсіп етіп, олар үйленеді. Хадис бізге дүниедегі қиыншылықтар Алла Тағаланың сынағы екенін көрсетеді. Кімде-кім Алла Тағалаға бойұсынып, сабырлық танытып, Аллаға сенім артса, сол адам жоғалтқанынан да жақсысын Раббысынан алады.

материал «Қызыл түйеден де артық амалдар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: