26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құран жаттап жүрген адамның мысалы

Құран жаттап жүрген адамның мысалы

Ислам тарихы

Құран жаттап жүрген адамның мысалы, түйесі байлаулы тұрған (түйенің иесіне)ұқсайды. Егер қожайыны сол түйесіне қам жеп,оны әрдайым байлап жүрсе,ол түйені қасында ұстап тұра алады.

Егер, немқұрайлы қарап,бауын босата салса, ол түйесі кетіп қалады. Дәл сол секілді біздің байлауымыз ол – қайталау. Қайталай беру, қайталай беру. Егер қайталамасақ, біздікі жаңағы Пайғамбарымыз (салаллаһу’алейһи уа сәллам) секілдікіндей жадымызда сақталмайды. Біз ұмытып қаламыз оны,ол кетіп қалады. Құранмен әрдайым байланыс берік болуы үшін, қайталау деген құлшылықты Алла Тағала бізге беріп қойған екен. Қайталау арқылы орнынан кетпей, сақталады.

Біреу әйгілі табиғин ғұлама Хасан әл-Басриге (р.а) «Балам Құран жаттап жүр» десе Хасан әл-Басри (р.а) «Қайта Құран балаңды сақтап жүр» деп айтқан екен. Балаларымыздың болашағы үшін алаңдасақ, барлық жаманшылық атаулыдан қорғағымыз келсе кішкентайынан көкейіне Құран нұрын құя білуіміз керек.

Құраннан қанша оқығаныңызды және қаншалықты үйренгеніңізді айтудың қажеті жоқ... Олар сенен Құранды көрсін! Мәселе Құранда жеткен жерінде емес, Құранның саған жеткен жерінде. Алла Құранды нұр деп атаған. Себебі құран басқалар байқамайтын нәрсені көруге және басқалар үшін жасырын қалған көп нәрсені түсінуге көмектеседі. Адам Құранға жүрегін ашқан сайын, оған көбірек ой жүгіртіп, оған мойынсұнған сайын нұрға бөленеді.Және осы нұрдың арқасында ол өзінің алдынан Раббының разылығына апаратын берік және қауіпсіз жолды көріп, жаман қасиеттерден арылу үшін жан дүниесінің жасырын түкпірлеріне үңілуге мүмкіндік алады. Алға ұмтылуға кедергі келтіретін нәрселерден аулақ болып, Алланың рақымына ұмтылады. Ал егер адам Құран нұрын көріп, одан бет бұрып, бағынбаушылық пен күнәлардың қараңғылығына тығылса, Құран оның бақытсыздығын арттыра түседі.

материал «Нұр үстіне нұр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: