21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Дұға етіп еді, бір жұма жаңбыр үзілмеді

Дұға етіп еді, бір жұма жаңбыр үзілмеді

Ислам тарихы

Бірде бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп:

Төрт түлік мал тәлтіректеп, көш тоқтап қалды! - деп шағымданды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дұға етіп еді, бір жұма жаңбыр үзілмеді. Әлгі кісі қайта келіп:

– Үй сызданып, маңайды су басты. Алладан сұрашы жаңбыр тыйылсын, - деді.

– Уа, Алла! Белеске, дөңге, өріске түсір! - деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дұға етті. Мәдинада жаңбыр тыйылды.

Емізулі кезінде Бәну Сағдқа барғанда малы берекелі, жері құнарлы болды. Зейнеп бинт Әбу Сәләманың бетіне су бүркеп еді, ешқашан жүзіне әжім түспеді. Тері ауруына ұшыраған Уқба ибн Фарқадтың денесін қолына үрлеп сипап еді, құлан таза айықты. Өмірінде иіс су қолданбаса да, өле-өлгенше денесінен хош иіс аңқып тұрды.

Өзі – береке, дұғасы – береке, шариғаты – береке, сүннеті – береке. Береке іздеген адам үшін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінің өзі – береке!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: