«Шынында, сендерді жер жүзіне орналастырдық, тұрмыс қажеттеріңді де сонда қойдық. (Алланың осындай нығметіне) шүкірлік етулерің өте аз» («Ағраф», 10-аят).
Алла Тағаланың бізге әрдайым беріп жатқан нығметтеріне үйреніп кеткеніміз соншалықты оны міндетті нәрсе деп қабылдап, шүкіршілік қылудан бас тартып кеттік.
* Қалағанымызды сатып аламыз, алайда сол ақша кім бергенін ұмытамыз.
* Барлық күш-қуатымызбен шапқылап жүреміз, алайда денсаулықты кім бергенін ұмытамыз.
* Больницалардың қасынан өткенде, амандықты кім бергенін ұмытамыз.
* Түрмелердің жанынан өткенде бостандықты кім бергенін ұмытамыз.
* Өлім мен апаттарды көріп жатамыз, алайда тыныштықты кім бергенін ұмытамыз.
* Адам баласының ең қатерлі дерті – нығметтерге еті үйреніп, оны нығмет ретінде көрмеу.
* Басындағы баспанаң – нығмет. Себебі қаншама үйсіз жүрген босқындар бар.
* Жанындағы күйеуің – нығмет. Себебі қаншама жесірлер бар.
* Секендеген балаң – нығмет. Себебі қаншама ұрпақ сүйе алмай жүргендер бар.
* Әрқашанда былай айт: “Уа, Алла өзіңе шүкіршілік қыламын”.
* Себебі шүкір еткен сайын нығметтер еселенеді.
материал «Құран хат» кітабынан алынды,
ummet.kz