14
Сейсенбі,
Қаңтар

һижри

Пенде кемел болып жаратылмаған. Пенде кемшіліктен тұрады

Пенде кемел болып жаратылмаған. Пенде кемшіліктен тұрады

Ислам тарихы

Жалпы қыз балаларда, әйел адамдарда «синдром отличницы» деген мәселе бар, қазақша айтсақ, «озат пенденің синдромы». Осы жерде көзқарастың екі шетін тең ұстаған адам ұтады.

«Істеген ісіңнің майталманы бол» деген әйгілі хадис бар. Яғни, бір істі істесең, жеріне жеткізіп жасау. Пенде болған соң кейбір жағдайда мына дүниенің бәрін ұмытып, көз алдындағы дүниені шашып тастап, ортасында өзіңмен-өзің калып келетін кез де болады. Немесе «құрысыншы» деп тіршіліктің бәріне қол сілтеп, тауға, тасқа, жайлауға немесе теңізге кетіп қалғың келетін кез болады. Мұның бәріне не себеп?

Қасиетті Құранда Алла Тағала көптеген аяттарында біздің әлсіз жаратылғанымызды, басымызға аздаған бір сынақ келсе, әбіржіп кететінімізді айтқан. Сондықтан шамасы келген нәрседен ғана сұралатын болғандықтан, шамасы келетін нәрсе ғана жүктелгендіктен, біз қолымыздан келіп тұрған, мүмкіншілігіміз бар нәрсені ғана жеріне жеткізіп, «қыздың жиған жүгіндей» қылып жасауға міндеттіміз. Бірақ барлық уақытта бірінші болып көрінуге, барлық уақытта мақтаулы болып жүруге, барлық уақытта ешбір кемшіліксіз тек қана озат, тек қана алда болуға міндетті емеспіз. Біз кішкентай кезімізде көп мақтаулар естіп, тек қана сол мақтаулардың жетегінде нәтиже көрсету тұрғысынан аса қатты ілтипат көріп қойған болсақ, есейе келе одан шыға алмай қалуымыз мүмкін.

«Жұрт не дейді?», «Кеше ғана мақтаулы болып тұр едім, бүгін елдің назарынан қалып кеттім бе?» деген ойлар адамды жеп коюы мүмкін. Сондықтан озат адамның синдромы деген нәрсе – рухани дерт.

Мысалы, хадистерде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Сыпырына берген адамды Алла жактырмайды» деген сөзі бар. Яғни, сыпырына беру деген не? Бір жерде қисық, сынған шөп жатқызбау. Немесе бір сүрткен жеріңді он рет сүрту. Немесе тамақ ішіп болғанша сол дастарханның үстін сыпырынып отыру. Иә, таза болу, уқыптылық, шашпай-төкпей ішу жақсы. Сенің жеген кәмпитіңнің кағазы шай ішіп болғанша дастарханда жата тұрғанында тұрған ештеңе жоқ. Немесе қазір ғана аузыңды сүрткенде тұрган ештеңе жоқ. Осының бәрін сыпырыны, осынын бәрін сыпырынып, сиырып отыру да – адамның рухани дерттерінің бір көрінісі.

Пенде болған соң бір істен сен озат болуың мүмкін. Ал бір істе сенен гөрі өзгенің мықты екенін мойындау, керісінше, бізге пайдалы больш жатады. Сондықтан коғамда кыз бала, әйел адам шаршап қалмау, картайып кетпеу, тозып кетпеу үшін әрдайым озат болу деген принципке жабыспау керек. Иә, қолыңнан келді ме, алдыңда тұр ма, ол шаруаны білімің, қайратын, тәжірибең жеткенше кемел қылып орындауға тырыс. Олай орындалмады ма немесе өзгелерді таңкалдыратындай жасалмады ма, онда уайымдаудың қажеті жоқ. Себебі біз адамдардың көзқарасы, жұрттың мақтауы немесе әрдайым елден озып отыру үшін өмірге келген пенде емеспіз.

Тіл-көз деген нәрсе бар. Барлық нәрсені елден ерекше қылып жасаймын, барлық жерде менікі супер болуы керек, не істесем де мен жұртты таңқал- дыратындай қылып жасауым керек деген нәрсе, керісінше, тіл-көз шақыру, адамдардың дұшпандығын туғызуы мүмкін. Сондықтан тазалық мәселесінде де, оқу-білім мәселесінде де, кез-келген істі атқару мәселесінде де, егер сіз адамдардың орта тұсында кетіп бара жатқан болсаңыз, одан қайғы-қасірет жасаудың қажеті жоқ.

материал «Еркем, өмірің болсын көркем» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: