30
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

Құран сөзін мінсіз және әсерлі қылатын не нәрсе?

Құран сөзін мінсіз және әсерлі қылатын не нәрсе?

Ислам тарихы

Біріншіден, Құрандағы сүрелер, жекелегендерін қоспағанда, аяттарды бір тақырыпқа біріктірмейді.

Соның себебінен иләһи насихат тақуалыққа шақырудан – күнәлардан бас тартуға, Алланың нығметтерін еске түсіруден – қатаң ескертулерге, иман келтіргендерге айтылған аяттар – мұнафиқтар мен мүшіріктерге арналған аяттарға ұласып жатады.

Әртүрлі тақырыптағы үзінділерді осындай тәсілмен алмастыра отырып, оқырманға әкелу – араб тілін түсінетін аудиторияның қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Өйткені адамдар мінез-құлқы, ақыл-санасының деңгейі мен дінге деген көзқарасына қарай әртүрлі келеді.

Екіншіден, Құран сөзі әуенді және құлаққа жағымды естілетіндіктен, адамдардың жүректерін бірден жаулап алады. Адам табиғатында ырғақты әуендерге жаны құмар келеді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Құранды әуендете оқуды жөн санағандығының себебі де содан болар. Тіпті, Құранның әуенді риторикалық кемелдігіне тәнті болған кейбір ақындардың дастандар мен өлеңдер жазудан бас тартқандықтары да кездескен 

Олардың бірі, пайғамбарымыздың (с.а.с.) замандасы – Лабид ибн Рабиға. Сонымен қатар, Құран аяттарының керемет ұйқастылығын да көреміз. Құранда ритм мен ұйқас үнемі ауысып отырады да ол, Құранның оқылуына интонациялық әралуандылық береді. Ислам діні туралы танымал кітаптың авторы – христиан А. Гильом (1965 ж.д.с.)

Құран рецитациясының тыңдарманға гипноз секілді әсер ететіндігін мойындаған. Ол: «Құран, оның қайталанбастығы туралы догманың туындауына негіз болған тілінің балдай әуенімен өзіне тағылған сынды басып тастайды. Шынында да поэзия мен жоғарғы деңгейдегі прозаға бай араб әдебиетінде, оған тең келер ештеңе жоқ»,– деп жазған. Көріп отырғанымыздай, Құранның мұғжизалығының негізгі аспектілері, оның лексикасымен және фразеологиясымен, оның композициялық біртұтастылығымен қатар, оның әуезділігі, ритмикалығына да байланысты.

Біздің ойымызша, иғжазды қандай да бір аспектімен шектеп қою дұрыс емес, өйткені олар өзара байланысты және бірін-бірі толықтырып тұрады. Мұсылман авторлары бұл сұрақты зерттеуге көптеген еңбектер жазды. Олар, Құран стиліне ерекшелік беріп, оны өзге де стильдерден ажыратып тұратын көптеген элементтерді сипаттап берді. Соған қарамастан, иғжаздың құпиясын толыққанды ашу мүмкін емес деп есептеу қажет. Риторика, стилистика және өзге де филологиялық пәндерді зерттей келе, адамдар бұл құпияның тек қана сыртқы формаларын ашады.

материал «Құран ілімдеріне кіріспе» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: