30
Бейсенбі,
Қаңтар

һижри

Құрандағы əдептіліктің кей қағидалары

Құрандағы əдептіліктің кей қағидалары

Ислам тарихы

Құрандағы əдептіліктің кей қағидалары

Үй иесінің рұқсатынсыз бөтен үйге кірмеу

Ей, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша əрі үй иесіне сəлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. Əрине, түсінерсіңдер. Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: «Қайтыңдар» делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі. Ішінде отырылмайтын, нəрселерің бар (қонақ үй сияқты) үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді де, көместеріңді де біледі. ("Нұр" сүресі 27-29)

(Бір үйден тамақ жеулерінде) соқырға кінə жоқ, ақсаққа кінə жоқ, ауруға да кінə жоқ. Сондай-ақ сендерге өз үйлеріңнен (əйелдеріңнің, балаларыңның. Ж.М.Р.) не əкелеріңнің үйлерінен, не шешелеріңнің үйлерінен, немесе аға-інілеріңнің үйлерінен, я əпеке-қарындастарыңның үйлерінен, яки əкелеріңмен туысқан көкелеріңнің үйлерінен, я болмаса əкелеріңмен туысқан апайларыңның үйлерінен, я нағашы ағаларыңның үйлерінен, не нағашы апайларыңның үйлерінен, немесе кілттеріне ие болған не достарыңның үйлерінен тамақ жеулеріңде айып жоқ. Сондай-ақ бірлікте не жеке-жеке жеулерің айып емес. Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе (мұсылмандарға) Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп сəлем беріңдер! Осылайша, Алла сендерге аяттарын ашық баян етеді. Əрине, түсінерсіңдер. ("Нұр" сүресі, 61)

Жүріп-тұру жəне сөйлеу əдебі

(Мұхаммед ғ.с.) Мүміндерге айт: (Бөгде əйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Əрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас, Алла олардың не істегендерінен хабар алушы. ("Нұр" сүресі, 30) 

«Жүрісіңде орташа бол да, даусыңды бəсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы». Көрдіңдер ме? Рас, Алла сендерге көктердегі, жердегі нəрселерді бой ұсындырды. Жəне сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтастырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нұрландырушы кітабы болмаған кейбір адамдар Алла жайында таласады. ("Лұқман" сүресі, 19-20)

Киім жəне киінуі əдебі

Ей, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім жəне сəндікбұйым түсірдік (жараттық). Негізінде, тақуалық киімі жақсы. Солар – Алланың белгілері. Əрине, түсінерсіңдер. Ей, адам баласы! Шайтан ата-аналарыңның ұятты жерлерін көрсету үшін киімдерін шешіп, жəннаттан шығарған сияқты сендерге де сұмдық жасамасын. Өйткені, ол жəне оның сыбайластары, сендер оларды көрмеген жерден көреді. Шайтандарды иман келтірмейтіндерге дос қылдық. ("Ағраф", 26-27)

Əйелдердің киінуі

Мүмін əйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Əрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары, əшекейлері). Жəне бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ: Ерлеріне, əкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, əпеке-сіңлілерінің ұлдарына, мұсылман əйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, əйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе əйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Жəне де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Ей, мүміндер, түгел Аллаға тəубе қылыңдар! Əрине, құтыларсыңдар. ("Нұр", 31)

Ей, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа жəне мүмін əйелдерге айт: «Үстеріне бүркеншектерін орансын. Бұл олардың танылуларына, сондай-ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді. "(Ахзаб", 59)

Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса, олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, əр нəрсені білуші. ("Нұр", 60)

Пайғамбар (с.ғ.с) жұбайларының сөйлесу əдебі

Ей, пайғамбардың əйелдері! Сендер əйелдерден əлдебіреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жүрегінде дерті бар əлдекім дəмеленеді. Əдеттегі сөзді сөйлеңдер. ("Ахзаб" сүресі, 32)

материал «Құран антологиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: