Менің сыпайылығым – сенің шектен шығуыңа жол беремін деген сөз емес.
Менің мейірімділігім – аңғалдығымның белгісі емес. Менің көркем мінезім – сен мені келеке еткенде үнсіз қаламын дегенді білдірмейді. Менің жомарттығым – сенің мені алдауыңа мүмкіндік бар деген сөз емес. Осының бәрі – менің дұрыс жолда тәрбиеленгенімді, ұлы құндылықтарға берік екенімді көрсетеді. Бұл – әлсіздік те, қайратсыздық та емес. Сондықтан, біреудің көркем мінезін олардың осалдығы деп ойлама. Керісінше, бұл – сені таңғалдыратын ең үлкен күш!
Әрбір алыстау – бас тарту немесе рахаттану емес… Кейде біз тыныштық пен қысымнан құтылу үшін алыстаймыз. Кейде біз тым көп араласып, өзімізді сарқығандықтан алыстаймыз – басқалардың көзінде құндылығымыз кеткенде. Кейде біз күшімізді бекерге сарп етіп, еш пайда көрмегендіктен алыстаймыз. Кейде біз өсек-аян мен күмәндардан алыстаймыз. Кейде біз ең сенімді адамдарымыздан сатқындық көргеніміз үшін алыстаймыз. Кейде біз олардың сезімдерінің суып кеткенін сеземіз, ал біз олар үшін қашанда қымбат боламыз деп ойлаған едік… Сөйтіп, өмір кейбір сабақтарын бізге тым қатал түрде үйретеді – бірақ біз оны тек өміріміздің ең әдемі және маңызды бөлігін жоғалтқан соң ғана түсінеміз…
материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,
ummet.kz