12
Сәрсенбі,
Ақпан

һижри

Алланың әр есімінің ғаламда бір қарымы бар

Алланың әр есімінің ғаламда бір қарымы бар

Ислам тарихы

Алла Тағала қасиетті кітабы Құранда және Алла елшісінің (с.ғ.с) хадистерінде ұлық есім-сипаттарымен Өзін бізге танытты.

Адам баласы өзі нені жақсы таныса, білсе, соны қалтқысыз сүйеді. Оған ешқашан жатырка карамайды. Сондай-ақ, Жаратушысын кемел сипаттары арқылы таныған жанны бойында Оған деген махаббат пен ынталы құлдық арта түсіп, жаратылу мәнін терең түсіне бастайды, сол себепті күллі мұсылман Жаратушы иесін кемел есім-сипаттарына лайық тануға міндетті.

Алла Тағала – бүкіл кемелдік иесі. Күллі кемшіліктерден мінсіз. Оның затын Өзі кітабында сипаттағандай түсінген жөн.

Алланың заты да, сипаттары да шексіз. Оны шектеулі ақылымызбен толықтай игеру мүмкін емес. «Отыз сегізінші қара сөзінде» дана Абай: «Алла Тағала – өлшеусіз, біздің ақылымыз – өлшеулі. Өлшеулімен өлшеусізді білуге болмайды. Біз Алла Тағала «бір» дейміз, «бар» дейміз. Ол «бір» демелік ет ақылымызға угымны бір тинагы ушн айтылған сөз.  Әрбір хадиске айтылатұғын бір кәдімгі тағриф болмайды. Ол «бір» деген сөз ғаламның ішінде, ғалам Алла Тағаланың ішінде, Құдай кітаптарда сегіз субу- тия сипаттары бірлән, уа тоқсан тоғыз Әсмаи хұсналар бірлән білдірген. Бұлардың һәммасы Алла Тағаланың затия субутия уә фиғлия сипаттары-дүр» деген.

Дана Абайдың жоғарыдағы тұжырымды ойынан бірнеше мәселені баса айтканын көреміз. Ол ойын Алла Тағаланың Өзі сипаттарға мұқтаж емес. Бәлкім, ол сипаттар арқылы Алла Тағаланы танып, Оған шынайы құл болуға біз мұқтажбыз. Себебі Алла Тағаланың заты өлшеусіз, шексіз. Оны шектеулі, өлшеулі ақылымызбен толықтай тану мүмкін емес дей келіп, (Аллаға) айтылған «бір» ұғымымен хадиске (жаратылысқа) айтылған «бір» ұғымы бір мағынада еместігін мысал ретінде келтіреді.

Дінтанушы профессор Абдулазиз Хатип: «Кейбір тәпсіршілердің көзқарасы бойынша, Адам (а.с.) пайғамбарға үйретілген есімдер –  Әсма Хусна. Яғни осы қасиетті есімдердің әрқайсысы ғаламдағы бір ғылым саласының ақиқаты мен негізін құрайды. Мысалы, құқық саласы Адл есіміне, экономика саласы Раззақ есіміне сүйенеді. Осылайша Адамға (а.с.) барша ғылымның ілгері дамуының өзегі мен қабілеті берілген. Адам ата ұрпағын жетілдіріп, дамытқан күллі материалдық және жаратылысқа қатысты озық жетістіктер осы алғашқы үйретудің тамаша жемістері. Періштелерге карағанда адам ұрпағы ретінде бізге үстемдік берген де міне, осы...

материал «Алланың ұлы есімдерінің сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: