13
Бейсенбі,
Ақпан

һижри

Сауда жүргізу әдебі: Тауарды өткізу үшін жалған ант беру

Сауда жүргізу әдебі: Тауарды өткізу үшін жалған ант беру

Ислам тарихы

Әуелгі ізгіліердің  біреуі: «Кеңдігі көктер мен жердей болған Жәннатты салмағы кемітілген дәнге айырбастап сататын және өлшемінен артық алған дәні үшін өзіне Тозақ азабын айырбастап сатып алатын адамға қасірет болсын» - деген екен.

Сауда жүргізудегі алдаудың тағы бір түрі – тауарды өткізу үшін жалған ант беру. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Қиямет күні Алла Тағала сөйлеспейтін, қарамайтын және азапты жазаға ұшырататындардың бірі – басқаға тауарды сатқанда, оны белгілі бағаға сатып алғанына Алланың атымен жалған куәлік беріп, сатып алушы оған сенген адам болатындығына нұсқаған. Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену үшін ант беру – ең үлкен күнәлардың бірі. Көп жағдайда сатушылар сатып алушыларға өздерінің өте аз пайда көретіндеріне сендіру үшін тауарды бір бағамен алғандығына куәлік етеді. Кейде сатып алушы тауарды арзан бағаға түсіруді сұрағанда, сатушы оның алдында басқа біреу келіп, сол немесе одан да жоғары бағаны ұсынғанына, бірақ ол сол бағаға тауарын бермегінене ант етеді. Көптеген сатушылар сататын затын соңғы екенін және осы түрдегі тауарлардың барлығын сатып жібергенін айтып алдап, осылайша сатып алушыларды сол затты сатып алуға асығуға мәжбүр етеді.

Алла Тағала тыйым салынған тағаммен денесін қоректендіріп, адамдарды алдаған адамның дұғасын қабыл етпейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қолын көкке созып, Аллаға жалбарынған, бірақ оның ішкен тамағы, киген киімі харам болғандықтан, дұғасына жауап алмаған жолаушы туралы баяндаған. Әй нанын арам жолмен тапқан адам! Аллаға ұнамды мақсаттарға жұмсаған мал-мүлкің тыйым салынған жолмен табылса, Алла Тағала оны қабылдамайтынын біл! Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кімде-кім күнәлі жолмен ақша тауып, оны туыстарына көмектесуге, садақаға немесе Алланың жолында жұмсаса, оның бәрі жиналып, Тозақ отына тасталады».

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамның Қиямет күні мал-мүлкін қалай тапқанын, не үшін жұмсағанын Алланың алдында есеп бермейінше орнынан қозғала алмайтынын айтқан. Ендеше, Алла Тағала адал жолмен табуды нәсіп еткен жақсы ризыққа разы болып, сабыр етуіміз керек. Кімде-кім Алладан қорқып, харамға қол сұқпаса, Алла Тағала оған бір шығу жолын және жеңілдігін береді.

материал «Саудагерлерге жолдау» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: