Меню

22
Сенбі,
Наурыз
21
Рамазан
1446 һижри

Сен Құранның шексіз мұхит екенін естімедің бе?

Сен Құранның шексіз мұхит екенін естімедің бе?

Ислам тарихы

Сен Құранның шексіз мұхит екенін естімедің бе? Дәл мұхит жағалауларынан өзендер мен бұлақтар тарайтыны сияқты одан бұрынғылар мен кейінгілердің барлық ілімдері тарайды.

Сен сол мұхиттың тереңіне бойлап, қызыл күкірт, жарқыраған інжу-маржан, жасыл зүбәржат тапқандарға қызықпайсың ба? Оның жағалауларын шарлап, сұр кәріптас мен ең хош иісті ағашты тапқандарға таңданбайсың ба? Олар Құранның тереңдеріне сүңгіп, одан емдік дәрілер мен жұпар иістерді алып шықты!

Құранның негізгі сыры, таза мәні және ең биік мақсаты – адамдарды барлық нәрсенің Жаратушысы, ақырет пен осы дүниенің Раббысы, аспан мен жерді, олардың арасындағыны және жер астындағы барлық нәрсені жаратқан Ұлы Аллаға шақыру. Сондықтан Құран сүрелері мен аяттары алты негізгі түрге бөлінеді: Үшеуі – негізгі бастаулар мен маңызды негіздер. Қалған үшеуі – оларды толықтыратын әрі жетілдіретін қосымша бөлімдер.

«Құранды шынайы түрде оқу – тіл, ақыл және жүректің бірге әрекет етуі. Тілдің міндеті – әріптерді анық әрі тәртілмен оқу, ақылдың міндеті – мағыналарды түсіну, ал жүректің міндеті – ғибрат алып, әсерленіп, Алланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан алыс болу. Осылайша, тіл тәртілмен оқып, ақыл мағынаны түсіндіріп, жүрек ғибрат алады».

 

Маңызды үш негіз:

1) Аллаға шақырылған Ұлы Жаратушыны таныстыру.

2) Сол Жаратушыға жетелейтін түзу жолды таныстыру.

3) Оған жеткендегі халді сипаттау.

 

Толықтыратын үш бөлім:

1) Аллаға шақыруды қабылдағандардың жағдайы және олардағы Алланың құдіретінің көріністері. Мұндағы мақсат – адамдарды ынталандыру мен қызықтыру, сондай-ақ шақыруды қабыл етпегендер мен теріс бұрылғандардың жағдайын, оларға Алланың жазалауын сипаттау арқылы адамдарды ғибрат пен сақтануға жетелеу.

2) Құранда ақиқатты жоққа шығарғандардың жағдайын баяндау, олардың қателіктері мен білімсіздігін әшкерелеу, сондай-ақ шындықты дәлелдермен қорғау. Мұндағы мақсат – жалғандықты масқаралау және оған адамдарды жирендіру, ал ақиқатты айқындау және оны бекіту.

3) Жолдағы аялдамаларды, қалай дайындалу керектігін, рухани азық пен дайындықты түсіндіру.

материал «101 даналық» кітабынан алынды,

ummet.kz