Тәрбиенің маңызды негіздерінің бірі — қабылдаған шешімге адал болу.
Егер адам жаман әдеттен бас тартуға ниеттеніп, бірақ сол әдетке қайта оралуға мүмкіндік туындаса, сабыр сақтап, шешімінен таймауы керек. Себебі нәпсісін қабылданған шешімнен үнемі бас тартуға үйретсе, ол соған әдеттеніп, бағынуы қиындай түседі.
Егер қандай да бір жағдайда шешімін бұзып қойса, өзін міндетті түрде осы үшін жазалауы қажет. Егер нәпсісін жаза арқылы тәртіпке салмаса, нәпсі оны жеңіп, жамандықтарды тартымды етіп көрсетеді. Соның салдарынан, нәпсіні тәрбиелеуге бағытталған барлық күшжігер зая кетіп, тәрбие толықтай бұзылады.
Егер адам өз нәпсісімен күрессе, періштелер деңгейіне көтеріледі. Ал егер құмарлықтардың жетегінде кетіп, нәпсінің айнасын лас нәрселермен қаптай берсе, оның жүрегі қарайып, жан дүниесін қараңғылық билейді. Мұндай жағдайда оның қабілеті толық жойылып, хайуандар деңгейіне түседі. Осылайша, ол мәңгілік бақыт пен кемелдікке жету мүмкіндігінен айырылады, және бұл жоғалтудың орны толмайды.
материал «101 даналық» кітабынан алынды,
ummet.kz