Меню

27
Бейсенбі,
Наурыз
26
Рамазан
1446 һижри

Қадір түнін Рамазанның соңғы жеті түнінен іздеудің хикметі

Қадір түнін Рамазанның соңғы жеті түнінен іздеудің хикметі

Ислам тарихы

Ибн Омардан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) Пайғамбардың (с.ғ.с) сахабаларынан бір кісілерге түстерінде қадір түнінің (рамазанның) соңғы жетілігінде екені көрсетіліпті.

Сонда Алла елшісі (с.ғ.с): «Түстеріңнің соңғы жетілікке тура келгенін көріп тұрмын, ендеше кім (қадір түнін) іздесе, оны (рамазанның) соңғы жетілігінен іздесін», - депті.

Әбу Сағид (р.а.) риуаят етуінше Алла елшісі (с.ғ.с): «Расында маған Қадір түні көрсетілген еді, содан соң ол маған ұмыттырылды. Дегенмен, оны (рамазанның) соңғы ондығындағы тақ (түндерден) іздеңдер» (Бұхари) деген.

«Ақиқатында, Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түні – мың айдан да қайырлы. Періштелер және Жебірейіл (ғ.с.) ол түні Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол – таң атқанша бейбітшілік түні» («Қадір» сүресі).

Бұл сүренің мән-мағынасы терең. Ислам ғалымдары «мың ай» деген ұғымды 83 жыл 4 ай деп түсіндіреді, яғни бұл түні жасалған әрбір сауапты іс адамның 83 жыл бойы үздіксіз құлшылық еткеніне тең болады. Сондықтан мұсылмандар бұл түнді бос өткізбей, көбірек құлшылық етуге тырысады.

материал «Мұхтасар Сахих әл-Бұхари» кітабынан алынды,

ummet.kz