Меню

27
Бейсенбі,
Наурыз
27
Рамазан
1446 һижри

Рамазанда хиджама жасату оразаны бұзады деп ойласа…

Рамазанда хиджама жасату оразаны бұзады деп ойласа…

Ислам тарихы

Мәзһабымыздың негізгі пәтуасы бойынша, хиджама жасату оразаны бұзады деп ойлаған адам әдейі ішіп-жесе, бір күн қазасын және 60 күн кәффарат өтейді. Себебі оның бұлай ойлауы шариғи дәлелге сүйенілген жоқ.

Ғұламаларымыз «Хиджама жасатушы адамның оразасы бұзылды», деген хадистің тікелей мағынасы алынбайтындығына, бір ауыздан келіскен. Сондықтан да, хиджама жасату оразаны бұзды деп ойлау шариғи дәлелге сүйенілмеген (Мәжмағу әл-Әнһур 1/240, Раддуль Мухтар 2/411).

Алайда егер әлгі адамға мүфти немесе фиқһ маманы (пәтуасы алынатын) кәффарат міндет емес, деп пәтуа берсе, тек сол күннің қазасын өтейді. Имам Мұхаммед бұл жағдайда егер әлгі адамға «Хиджама жасатушы адамның оразасы бұзылды», деген хадис жеткеннен соң, оразам бұзылды деп ойлаған болса, мүфтидің пәтуа беруі шарт емес. Себебі Алла елшісінің хадисі мүфтидің сөзінен кем болмайды, деген. Бірақ имам Әбу Юсуф қарапайым халықтың фақиһ адамға ілесуі – уәжіп деген.

материал «Оразаны бұзатын және бұзбайтын 70 амал» кітабынан алынды,

ummet.kz