24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құран Кәрімді қалай оқитын еді?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құран Кәрімді қалай оқитын еді?

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Құран Кәрімді салмақтылықпен, сөздерді араластырмай, мағынасын ойлап, хикметін сезіне отырып оқитын.

Аят кәримәлардың мағыналары туралы терең ойланып, қамтыған әмірлері мен тыйымдарын дер кезінде орындайтын. Алланы тәсбих етуді айтқан аяттарға келгенде «Сүбханаллаһ» сияқты тәсбих сөздерімен Алланы күллі нұқсан атаулысынан пәк деп ұлықтайтын. Дұға аяттарын оқығанда олар арқылы Аллаға мінәжат қылатын. Аллаға сыйыну туралы айтқан аяттар келгенде, іле шала Аллаға сыйынатын.

Кейде бір аят қәримәнің мағынасына тоқталатыны соншалық, таң атқанша сол аятпен тәфәккур халінде мінәжат ететін. Әбу Зәр (р.а) былай жеткізген: Расулалла бір түні намазда таңға дейін мына аят кәримәні қайталай берді: ««Егер оларды жазаласаң, сөзсіз, олар сенің құлдарың (қалағаныңды істейсің). Егер оларды мағфиратыңа бөлеп, кешіретің болсаң, сөзсіз, әзиз/жеңімпаз, хакім/хикмет иесі болған да бір Өзің ғанасын» (Мәидә, 118; Нәсәи, Ифтитах, 79; Ахмед, V, 156).

Алла Расулы (с.ғ.с) тағы бір күні жоғарыдағы аят кәримәмен бірге: «Раббым! Мына пұттар адамдардың көбін адастырды. Енді кімде-кім маған ілессе, менен (менің дінімде). Кімде-кім маған қарсы келсе, расында, сен аса кешірімді, ерек мейірімдісің» (Ибраһим, 36) аятын оқыды. Сонан соң қолын көтеріп: «Аллаһым! Үмметім, үмметім!» – деп жылап отырып, жалбарына бастады. Осыған орай Алла Тағала: «Ей, Жәбірейіл! Шынында, Раббың бәрін өте жақсы біледі ғой, бірақ сен (адамдар да білсін деп) бар, Мұхаммедтен неге жылап жатқанын сұра!» – деп бұйрық берді.

Жәбірейіл u келді. Расулалла  (с.ғ.с) оған үмметі үшін жеген қамы туралы жылағанын айтты. Сонда Алла Тағала: «Ей, Жәбірейіл! Мұхаммедке барып, Оған “Үмметің туралы Сені разы қыламыз, Сені мүлде ренжітпейміз” деп сүйіншіле!» – деп, бұйрық берді (Мүслим, Иман, 346).

Міне, Алла Расулы  (с.ғ.с) үмметіне осынша ынтық, мейірбан! Бұл хадис шәрифтің мағынасын жақсы ойлап, біздің Оған қаншалықты ынтық екенімізді және бұл махаббатымыздың белгісі ретінде Сүннетү Сәнияны қаншалықты ұстана білгенімізді салыстыруымыз керек.

материал «Тәфәккур» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: