24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Адамдарға жақсы жағын айт, бұл таза жүректілердің істейтіні

Адамдарға жақсы жағын айт, бұл таза жүректілердің істейтіні

Ислам тарихы

Бірде, Худайбия ұрысында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Сәләмә атты сахабасының қорғаныссыз жүргенін байқап қалады.

Оған бір қалқанды береді. Біраз уақыт өткен соң Сәләмәның тағы да дымсыз жүргенін көзі шалып қалады. Оған қарап:

– Ей, Сәләмә! Саған берген қалқаның қайда?, - деп сұрайды.

– Көкем (әкесінің бауыры) маған кезігіп қалып еді. Онда да дым жоқ екен. Сіз берген қалқанды соған беріп жібердім, - деп жауап береді Сәләмә. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әдетіне жараса бір жымия күліп ап:

– Сен өзің «Уа, Алла! Маған өзімнен артық жақсы көретін жақынымды жолықтыр!» деп айтқан сияқтысың ғой?!, - дейді.

Адамдарды әрқашан жақсылыққа үндеп, жақсылығын айтып отыр. Ата-анасына қамқорлық қылып, баққанға жақсы ұл, өнегелі ұрпақ, сауапты адам екенін айт. Жанашыр жарға ерекше адам, жақсы жұбай екенін айт. Адал, еңбекқор жұмысшыға әлі де адамдарда жақсылық бар екенін саған ұқтырғанын айт.

Ықыласты студент пен талапты шәкіртке олардың ерекше ынталы екенін айт. Шынайы досыңа оның шынайылығы мен адалдығы сені жігерлендіретінін айт. Адамдар көбелек тәрізді, кейде өзіндегі әдемілікті байқай бермейді. Олардың жақсы жағын айт, бұл таза жүректілердің істейтіні.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: