24
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Ғибрат алынатын нәрсе көп, ғибрат алатын адам аз»

«Ғибрат алынатын нәрсе көп, ғибрат алатын адам аз»

Ислам тарихы

«Адам тәфәкуур иесі болса әр нәрседен ғибрат алады» (Имам Ғазали, Иһя, VI, 45).

Ислам ғұламалары «Ғибрат алынатын нәрсе көп, бірақ ғибрат алатын адам аз» деп айтқан екен. Әр дәнек пен тозаң Алланы түсіндіреді. Адам тәфәккур етіп, мына әлем деген кітапты оқи алса, дәнегі мен тозаңына дейін айналасында көрген барлық нәрсесі оған Алла Тағаланың ұлылығын білдіреді, мағрифатұллаһқа жақындатады. Фұзули қандай жақсы айтқан: Олса истидад-ы ариф қабил-и идрак-и уахи, Әмр-и Хақ ирсалине һәр зәррәдир бир Жәбірейіл! «Егер, ариф иләһи уахиды аңғарып, түсіне білу қабілетіне ие болса, әлемдегі әр зәрре оған Хақтың бұйрығын жеткізген Жәбірейілдей болады». Алла Тағала былай дейді: «Жоқ, сендердің көргендеріңмен де серт. Көрмегендеріңмен де серт. Даусыз ол (Құран) аса ардақты елші (әкелген) сөз» (Хаққа, 38-40).

Құран Кәрімдегі ант-су хиқметтерінің бірі – ант-су ішілген нәрседегі ғибратқа, пайдаға не хикметке назар аударту. Сөйтіп, құлдың сондай ұлылыққа қарап, сана-сезімінің тереңдеуін қалайды. Сондықтан біз көре алған не көре алмаған барлық болмыс – Алланың құдіреті мен рұбубийятының (Раб екенінің) белгілері. Оларда ойлап ғибрат алынатын сан жетпес хикметтер бар. Шынар ағашының дәнегі құнарлы жер арқылы үлкен ағашқа айналып, айбынды көрініске жеткеніндей сана-сезіміміздің Құран аясынан қоректеніп күшеюі арқылы жететін сырлар, хикмет пен ғибраттар да сондай айбынды болмақ.

Алла Тағала былай дейді: «Даусыз, аспан мен жерде мүминдер үшін көптеген аят-белгілер бар. Сендердің жаратылуларың мен Алланың түрлі жаратылысты жер жүзіне жаюында нақты сенетін қауым үшін ғибраттар бар. Түн мен күндіздің алма кезек ауысып тұруында, Алланың көктен түсірген рызықта (жаңбырда), онымен өлген жерді қайта тірілтіп көктеуінде, желді әр түрлі бағыттан соқтыруында ақыл иелері үшін көп сабақ бар» (Жасия, 3-5).

Құран Кәрімдегі мұндай тәфәккур мысалдарына шын жүрекпен, жинақы оймен үңілу құлды «тақуа» аясына жетелейді. Гүлдер ауа мен суға, топырақ пен жарыққа қалай мұқтаж болса, тәфәккур қабілетін дамытып, белгілі деңгейге жеткізу де «тақуаға» тәуелді.

Алла Тағала құлдарынан ой жүгіртетін, зерттейтін, нәзік сезім иесі жандар болуын талап етеді. Сондықтан мұсылман жан әр жағдайда ғибадат құлшынысымен тәфәккурге бет алуы тиіс. Бұл жағдайдың керемет мысалдарын көрсеткен Ахмед бин Хауаридің әйелі Рабиа ханым былай деген: «Азанды естіген сайын қиямет хабаршысын есіме аламын». «Қар жауғанын көрген сайын амал дәптерлерінің ауада ұшып жатқанын көргендей сезінемін». «Шегірткелерді көрсем, хашр есіме түседі».

Бірде Халифа Һарун Рәшид моншаға барған екен. Моншадағы қызметкер қателесіп, қайнап тұрған суды халифаның үстіне құя салыпты. Халифа Һарун денесі күйіп, жаны қатты қиналып сыртқа шығып, көптеген садақа таратып: «Бүгін моншаның суына шыдай алмадым. Қиямет күні тозақтың жолаушысы болғанымда жағдайым не болмақ?!» деп айтқан екен.

материал «Тәфәккур» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: