24
Сенбі,
Мамыр

һижри

Орындыққа арқамызды сүйеп тамақ жеген дұрыс па?

Орындыққа арқамызды сүйеп тамақ жеген дұрыс па?

Ислам тарихы

Сұрақ: Орындыққа арқамызды сүйеп тамақ жеген дұрыс па? Әлде сүйенбей жеген абзал ма?

Жауап: Дастарханға әдепті түрде отыру және дастарханнан тұрып кеткенге дейін осы әдепті сақтау керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам жерге төселген дастарханға кейде тізерлеп отыратын, кейде оң аяғын бүгіп, сол аяғының үстіне отыратын еді және былай дейтін:

«Сүйеніп отырып тамақ жемеймін! Мен тек Алла Тағаланың құлымын. Құлы қалай жесе, солай жеймін. Қалай отырса, солай отырамын.» (Бұхари)

Сүйене отырып тамақ жеу харам немесе мәкрух емес. Өзгелердің қасында үзірсіз сүйену әдепке жат нәрсе. Орындыққа арқаны сүйеніп тамақ жеудің де зияны жоқ. Тәкаппарланып тамақ жеу де дұрыс емес. Сүйеніп отыру өзіне ыңғайлы болса, сүйеніп отыра береді. Маңызды болғаны адамдарға тәкаппарланбай, менсінбеушілік етпей, ыңғайлы отыру.

материал «Тамақтану әдебі» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: