Дәуіт Тайи былай баяндаған:
«Жиырма жыл Әбу Ханифа Хазіретімен бірге болдым. Осы уақыт ішінде байқағаным, жалғыз кезінде де, қасында біреу отырғанда да жалаң бас отырғанын және дем алу үшін көсіліп отырғанын көрмедім.
Оған бір күні: «Жалғыз отырғанда көсіліп отыруыңа қандай кедергі бар?» - дедім.
Ол маған: «Алла Тағала алдында әдепті болған абзал» - деді.
Сұлтанның немесе жоғары дәрежедегі бір адамның құзырында отырғанда сырттағыдай әрекет ете алмайсың және сол жер мен мәртебеге сай қимыл көрсетуге тырысасың. Яғни, біреудің алдында болу – мыңдаған әдепке орану деген сөз. Әулиелер әр сәт Алланың құзырында екендіктерін ойлап, өмір сүргендіктен ешқашан әдептілікті тастамайды. Сол себепті, бұл әдеп – олардың бүкіл өмірін қамтыған. Өйткені, олар әр сәтте және әр жерде Жаратушының құзырында екендіктерін пердесіз көретін және дәлелсіз сезетін ариф жандар еді. Яғни, олар: «Қай жерде болсаңдар да, Ол (Алла) сендермен бірге» - ("Хадид" сүресі 4-аят) деген аяттың сырын түсініп, әрбір сәттерін Алламен бірге өткізеді.
Демек айтпағымыз, кейбіреулер өздерін тек намазда ғана Алланың құзырындамын деп санайды. Ал, әулиелер болса, әр сәт солай сезінгендіктен, олардың намаздан тысқы халдері де, әдептері де тура намаздағыдай сақталады. Сондықтан Құранда мұндай адамдар жайлы: «(Олар) Намаздарын үнемі оқиды» ("Мәғариж" сүресі 23-аят) - дейді Хақ Тағала. Бұл да намазды тастамаумен қатар, намаз сыртында да сол құзыр халін сақтағандықты білдіреді.
материал «Иманнан ихсанға» кітабынан алынды,
ummet.kz