17
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құдайы тамақта дастархандағы заттарды алып кету дұрыс па?

Құдайы тамақта дастархандағы заттарды алып кету дұрыс па?

Ислам тарихы

Құдайы тамақ дегеніміз, халыққа ас беру болғандықтан келген жұрт емін-еркін жеп, ішуіне құқылы, оған таласымыз жоқ. Әйтсе де белгілі әдеп, ережелерді сақтаған да дұрыс.

«Алғанның жөні осы екен» деп дастарханды сыпырып кету - қателік, шектен шығушылық болып саналады. Құранда: «шектен шықпаңдар, Алла шектен шығушыларды сүймейді» делінген («Бақара» сүресі, 190 аят). Тіпті кей жерлерде құдай тамаққа асылған етті тып-типыл қылып кететін жағдайларды да естіп жатамыз. Бұл - кісінің дүниесін нақақ жеу, күнә болып саналады. Құранда: «Өз араларыңда мал-дүниелеріңді бұрыс жолмен жемеңдер!» деп бұйырады («Бақара» сүресі, 188 аят).

Сондықтан да, үй иесі келген адамдардың әрбіріне азын-аулақ кәдесін салып беріп жатса, оны алуға болады, оған рұқсат, ал өздігінен пакетіне салып алуына болмайды. Алайда, кей өңірлерде дастархан басындағы қонақтарға пакет таратып жататын кездер де болады, бұл дегеніміз дастарханнан қалаған нәрсеңізді алыңыз деген сөз, бірақ бәрін сыпырып кет дегені емес, ондай кезде қанағаттылық пен ынсапты ту өткен маңызды. «Ынсап сайын береке» деп атам қазақ айтқандай, Алла Тағала қанағаттылық пен ынсаптан айырмасын! 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: