Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтады:
«Іілімнің артықшылығы маған құлшылықтың артықшылығынан сүйіктірек, әрі діндеріңнің абзалы – уарағ (әр істе Алладан қорқып, күмәнді заттардан сақтану)». Ілім толықсыған ай секілді: «Ғалым адамның (қарапайым) пенделерден артықшылығы Бәдір түніндегі айдың (толған кезіндегі) барлық жұлдыздардан артықшылығы сияқты» Әбу Дәут (3641), әт-Тирмизи (2682)
Ілім ол – құрал. Ал адам оның іске асырушысы. Егер құралды іске асырмасаң оның саған келіп кетер пайдасы жоқ. Мысалға: Бір дәрігер ауырып қалса және ауруының еміне қолданатын дәрінің не екенін білсе, расында да сол дәрі ауруына ем болса, дәріні қолданбаған жағдайда тек қана білуі оған жәрдем бермейтіні анық.
Діннің көркі болған Имам Ғазалидің (Алла одан разы болсын) «Әй-юһәл уәләд» кітабында ілімге сай амал жасау жайлы былай дейді:
«Ей, балам! Насихат айту оңай. Оны қабыл ету қиын. Өйткені дүниенің соңына түсіп, құлқынының құлы болғандарға насихат әсер етпейді. Керісінше тыйым салынған нәрселер олардың сүйікті істеріне айналады. Әсіресе дүнияуи мақсаттар мен нәпсінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ғылым үйренетіндер осы топтың ішінде. Өйткені олар «ғылым иесі болу үлкен азаптан құтқарады, амал етудің қажеті жоқ» - деп есептейді. Бұл – философтардың сенімі. Субханалла! Олар ғылым үйренгеннен кейін (Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқандай) оған сай амал жасамаудың күнә болатынына ап-ашық дәлелдер бар екенінен бейхабар».
материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,
ummet.kz